• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 17:30:36
Алматы
+35°

12 Сәуір, 2019 Кәсіпкер

Кайдзен орталығына кірдің – ғажайыпқа сапар шектің (фоторепортаж)

Кайдзен – ғажайып термин. Ғажаптығы сол – кез-келген компания өнімді, басшысы алаңсыз, қызметкері табысты болады.

«Кайдзен» деген терминді естуіңіз бар ма? Ұят болса да айтайын, бір ай бұрын жаңа сөздерімнің қатарына қосқан термин осы «кайдзен» болды. Оған дейін білмек түгілі, тіпті естімеген екенмін. Ал мәнісін түсінгенде аузымды аштым да қалдым. Бұл – ғажайып термин. Ғажаптығы сол – кез-келген компания өнімді, басшысы алаңсыз, қызметкері табысты болады.

Бұл мақалама «ғажап, ғажайып» деген сөздерді жиі қолдануым мүмкін, себебі әсерімді білдіретін сөздер нақ осылар болмақ.

♦Кайдзеннің 6 қағидасы. Жапондар өмірін қалай жеңілдетті?

Ғажап терминнің мәнін түсіну үшін ғажайып мекенге қасиетті жұмада сапар шектік. Алматы қаласының дәл орталығындағы Шумный көшесінде орналасқан ғимараттың 4-қабаты бұйырған екен ол мекенге. Табалдырығын аттаған бойда көңіл сарайың ашылып, бұрын-соңды болмаған, көрмеген, естімеген, өзі кішігірім болса да, тағылымы мол сарайға енгеніңді түсінесің. Кіресің де, «мен табысты маман боламын!» деген мақсатты алдыңа қоя саласың. Себебі орталықтың әр бұрышы соған тәрбиелейтіндей. 

Кайдзен орталығы

Жә, жаңағы терминге тоқталып өтейік. «Кайдзен» жапон тілінен аударғанда «үнемі өзгеріс, үздіксіз жетілу, жақсару» деген мағынаны білдіреді. «Кайдзен» дегеннің өзі – жапон философиясы. Ал Жапонияны сіз қалай танисыз? Іскер, табысты кәсіпкерлер мен қызметкерлер, сапалы өнімдер, өндірістегі жыл сайынғы жаңалықтар... Міне, кайдзеннің мақсаты да – осы.

Ернар Алмабек

«Сөзден іске көшу. Іспен табысқа жету. Табысым азайып, күшім сарқылады деп алаңдамау», - деп түсіндірді кайдзеннің мәнін Алматыдағы Kaizen орталығының Toyota Engineering корпорациясының Total-Toyota Production System сертификаты бар тренері Динара Есенова.

Динара Есенова

Ақшаны үнемдеу...

«Табыс» дегенде көз алдыңызға мол ақша, алтынмен апталып, күміспен қапталған кең сарайлар, көздің жауын алатын бұйымдар елестей ме?

Кайдзен

Ал табысқа жетелейтін Кайдзен орталығы мұның бәрін жоққа шығарды. Қарапайым ғана бөлмелер, сөрелер мен орындықтар, көздің жауын алмаса да, іші жайлы кеңсе, ең бастысы мұның бәріне ақшаңды шашып әуре болмайсың, Кайдзеннің мақсаты да – сол: Артық ақша шығындамау, керісінше үнемдеу.

Кайдзен

Уақытты үнемдеу...

Жұмыс орны болсын, үй іші болсын жинақы әрі жайлы болса, адамның көңілі де бейқам, алаңсыз жұмыс істей алады.

Кайдзен

Ал шашылып жатқан қағаздар мен әр бұрыштағы қоқыстар адам назарын өзіне аудартпай қоймайды. Яғни, адамның ойы бөлінбес үшін алдымен жан-жағының жинақы болғаны маңызды. Бұл – кайдзеннің екінші мақсаты.

Кайдзен

Небәрі 4 бөлмеден тұратын орталықтың іші сондай жайлы. Әр зат өз орнында.... Табалдырықтан аттаған бойда әр бөлмеге жетелейтін белгілерді көзіңіз шалады.

Кайдзен

Кайдзен

Бір белгі тренерлер отыратын кеңсеге, бірі демалатын орынға, енді бірі семинар өтетін үлкен залға, келесісі құралдарды қоюға арналған бөлмеге жетелейді. Тіпті қол жуатын бөлмені де оңай таба аласыз. Себебі оны да көрсететін арнайы белгі бар. Мұндағы мақсат – адамның артық ойлануын, артық сұрақтар қоюын тежеуәрі керегін іздеп қосымша күш жұмсамауын қамтамасыз ету. Әрі 1-2 минут болса да уақытыңызды үнемдейсіз. Ал кайдзен әдісі бойынша әр минут, әр секунд маңызды.

Кайдзен

«Жұмыс орнында да, үйде де әрбір заттың өз орны болуы шарт. Біз бұған аса қатты көңіл бөлмейміз. Бірақ бұл аса маңызды. Заттарды пайдаланған соң өз орнына қойыңыз. Жұмыс стөлінде бәрі өз орнында болуы үшін 5C жүйесіне назар аударыңыз. Жалпы, реттілікті сақтау сол жүйенің бір бөлшегі ғана. Кез келген құрал-сайман, құжат арнайы белгісі бар орында тұрса, ол бірден көзге түседі», - деп түсіндірді бөлмедегі реттілік жайлы Total-Toyota Production System от Toyota Engineering Corporation сертификатын алған тренер Динара Есенова.

Кайдзен

Әр зат белгіленген орынында тұруы тиіс әрі сол межеден асып кетпеуі керек.

Адамға жайлылық сыйлау...

Адам өзін қандай жағдайда жайлы сезінеді? Әлбетте, бірінші кезекте үйі не кеңсесі таза болғанда әрі үстелінің үсті не сөрелерінің іші жиналып, реттеліп тұрған жағдайда. Бұл да өз қолыңызда! «Тазалықтың болмауы – адамның өсуіне, дамуына, позитивті ойлауына кері әсерін тигізеді». Бұл кайдзен әдісінің келесі бір ұстанымы.

Кайдзен

Мұның дәлелін орталықтың ішіне кіргенде байқайсыз... Әр құралының, әр құжатының өз орны бар, реттелген, ең бастысы миыңызға артық салмақ түсіретін қосалқы дүниелер жоқ. Тіпті бір бұрыштағы «ас бөлменің» өзінде кеңсе қызметкеріне ең қажетті тағам түрлерін байқайсыз. Бұл орталық қызметкері үшін де, келген қонақ үшін де тиімді әрі жайлылық сыйлайтын бірден бір әдіс екенін мойындаңыз.

Кайдзен

Ал мына бір қоршалған төрт бұрышты бөлме қызметкерлерінің демалуына арналған. Байқасаңыз, демалыс орны үшін арнайы бөлме бөлініп, жөндеу жұмыстарын жасалмаған. Үнемді әрі оңай әдіс пайдаланылған. Ең бастысы қызметкер ол төрт бұрышты кішігірім бөлменің ішінде өзін жайлы сезінеді. Ең бастысы - бөлменің іші де, сырты да таза, жинақы.

Кайдзен

Кайдзен

Қызметкер демалып жататын орын. Алып әрі қымбат диванның қажеті де жоқ.

Кайдзен

Бұл бөлмеде намаз оқып алуға да болады.

Кеңсенің әрбір бұрышы адамға мотивация беретін түрлі жазбалар мен жоспарларға сай атқарылуы тиіс тапсырмаларға тұнып тұр. 

Кайдзен

Білесіз бе, түйгенім не болды? Табыстың кілті – жалт-жұлт еткен дүниеде емес, қарапайымдылықта, миллиондаған шығындарда емес, үнемділікте, бөлме мен кеңседен бұрын ой тазалығында. Қай маман иесі болсаңыз да, осы үшеуін ұстанып, алға қарай қадам баса берсеңіз, ең бастысы тоқтамасаңыз болғаны – өз биігіңізге жетесіз, өзіңіз де, командаңыз да жетеді ол биікке. Кайдзен орталығының шәкіртіне үйретері – осы. 

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір