• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:03:47
Алматы
+35°

21 Мамыр, 2019 NEWS

Кәрім Мәсімовтың қазақшасы: Ол әкесі туралы кітап жазды (видео)

ҰҚҚ басшысы Кәрім Мәсімов әкесі Қажымқан Мәсімов туралы кітап жазды

ҰҚҚ басшысы Кәрім Мәсімов әкесі Қажымқан Мәсімов туралы кітап жазды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі экс-премьердің Instagram парақшасына сілтеме жасап.

“Әкем туралы кітап жаздым. Әулетіміздің тарихы мен толық шежіресі”, - деп жазды Мәсімов.

Видеода ҰҚҚ басшысы жанұясының тарихын айтып, кітап туралы біраз ақпаратпен бөлісті.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Әкеме арнап кітап жаздым. Біздің шежіреміз. "Тамыр".

Публикация от Карим Масимов (@kmassimov)

“Өзіңіз білетіндей, қазақ халқы шыққан тегіне үлкен назар аударады. Бұл кітап біздің ұрпақтарға ата-бабалары қандай болғаны туралы түсіндіріп береді. Сондықтан ол “Тамыр” деп аталады. Бұрын әкемнің сөздеріне көп мән бермегем. Бірақ ол өмірден озғаннан кейін, әкем туралы көп ойландым. Осылай кітап шығару туралы ой түсті”, - дейді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы.  

Естеріңізге сала кетейік, 80 жасқа қараған шағында қоғам қайраткері, Қазақстанның ұлттық агроөнеркәсіп палатасының басшысы Қажымқан Қасымұлы Мәсімов 2019 жылдың 8-сәуір күні қайтыс болды.

Дайындаған: Ильдар Адильченов

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір