• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 03:49:10
Алматы
+35°

06 Маусым, 2018 IT

Instagram-да жаңа функция іске қосылады

Бір сағаттық видео жазу мүмкіндігі тек Instagram Stories-ке арналып жасалуы мүмкін.

«Instagram» сервисі қолданушыларға ұзақтығы бір сағатқа созылатын видеоларды жариялауға мүмкіндік беруі мүмкін, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ТАСС – қа сілтеме беріп.

Дереккөздің мәліметіне сүйенсек, Facebook әкімшілігі пайдаланушыларға видеолардың ұзақтығын арттыратын мүмкіндік қарастырып жатыр.

Мұндай функция тігінен түсірілген видеоларға арналып жасалады. Бұл формат Instagram Stories функциясында қолданылып жүр. Функцияның көмегімен пайдаланушылар осы уақытқа дейін 15 секундтық видео жүктеп келді.

Бір сағаттық видео жазу мүмкіндігі тек Instagram Stories-ке арналып жасалуы мүмкін. Дереккөздің мәліметіне сай, функцияның іске қосылатын уақыты әзірге белгісіз. Facebook әкімшігілі әлі шешім қабылданбағанын және жоспардың өзгеріп кетуі мүмкін екендігін айтады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір