• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:58:34
Алматы
+35°

Google компаниясы құжат сақтаушы бұлты Google Drive атауын Google One деп өзгертіп, бағаларын жеңілдетті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі компанияның ақпаратына сүйеніп. Бұдан былай Google One қызметін пайдаланушы  200 гигабайт жад сыйымдылығын пайдалану үшін айына $2,99 төлейді. Ал,  2 ТБ $19,99-дан $9,99-ға арзандаған.

Сондай-ақ, Google One сақтау кеңістігін отбасы мүшелерімен бөлісетін функцияны да қосқан. Бұған дейінгі тарифте 100 ГБ сыйымдылыққа жазылған ($1,99/ай) қолданушылар енді Google өнімдері мен қызметтері туралы компания мамандарынан онлайн кеңес ала алады.  Бұрын тәулік бойы қолжетімді Google Experts қызметі тек  G Suite бизнес аккаунттарына ғана мүмкін болатын.

15 ГБ тегін квота өзгеріссіз қалады. Ал, $9,99 бағаға берілетін  1 ТБ  тариф енді жоқ. Осыған дейін 1 ТБ жадқа ақылы жазылғандар енді 2 ТБ ала алады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір