21 Мамыр, 2019 Спорт
Головкин-Роллс жекпе-жегін қазақстандықтар қаншада тамашалай алады?
Нью-Йорк қаласында "Мэдисон Сквер Гарден" аренасында басты оқиға WBC/WBA/IBF орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин..
8 маусым күні (қазақстандықтар үшін 9 маусым таңертең) Нью-Йорк қаласында "Мэдисон Сквер Гарден" аренасында басты оқиға WBC/WBA/IBF орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин мен канадалық Стив Роллстың арасында жекпе-жек өтеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Британиялық The Sun басылымынының сайты хабарлағандай, бокс кездесуі жергілікті уақытпен таңғы сағат 4-ке таман өтеді. Ал, Нұр-Сұлтан уақытымен Головкин-Роллс жекпе-жегі 9 маусым жексенбі күні шамамен таңғы сағат 09:00-де басталады.
Алдағы кездесу Головкин үшін жаңа бапкер Джонатон Бэнкстің тәлімгерлігімен алғашқы жекпе-жек болмақ.
Ұсынған: Маржан Сәбет
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір