• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:03:24
Алматы
+35°

09 Наурыз, 2019 Спорт

Геннадий Головкин жаңа келісімшарт жасады: "Келесі жекпе-жек маусымда"

DAZN стриминг жүйесі Twitter желісіндегі ресми парақшасында Геннадий Головкинмен келісімшартқа отырғанын жариялады

DAZN стриминг жүйесі Twitter желісіндегі ресми парақшасында Геннадий Головкинмен келісімшартқа отырғанын жариялады. "Келісім өтті! GGG жекпе-жектерін DAZN жүйесінен көріңіздер", - делінген 8 наурызда кешкісін жарияланған хабарламада, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтының дерегіне сүйеніп.

Қазақстандық боксшы үшін күресте олар Showtime арнасындағы Premier Boxing Champions (PBC) жобасын және FOX-та трансляциялармен басып озды. Тағы бір үміткер ESPN болды, бірақ арна қаңтар айында жарыстан шықты, деп хабарлайды Vesti.kz спорт порталы.

The Ring журналы орта салмақта чемпион болған қазақстандық боксшы мен DAZN арасындағы келісімшарттың мән-жайын жариялады. Журналист Майк Коппинджердің мәліметінше, негізінде келісімшартқа 7 наурызда қол қойылған екен. Бұл туралы ресми түрде 12 наурызда, Лос-Анджелестегі баспасөз конференциясында айтылады. 

Жаңа жүйеде Головкин бірінші кездесуін маусымда өткізеді. Үшжылдық келісім барысында, ол жылына екі кездесуден өткізіп отырады. Дереккөз мәліметінше, GGG әр жекпе-жегі үшін сегіз таңбалы санды алады екен.

Сонымен қатар, Головкин DAZN жаһандық елшісі атанды. Бұл тізімде мексикалық Сауль "Канело" Альварес" және футбол жұлдыздары Криштиану Роналду мен Неймарда бар. 

DAZN-мен келісімшарт Головкинді үшінші жекпе-жек өткізуге алып келе жатыр және оның GGG Promotions компаниясы 2020 және 2021 жылдары төрт бокс кештерін өткізуге кепілдік береді. 

Головкинмен келіссөздерді бірнеше ай бойы DAZN атқарушы директоры Джон Скиппер мен ұлыбританиялық промоутер Эдди Хирн жүргізді. Олар Лос-Анджелесте бірнеше кездесулер өткізді, бұл боксшы тұратын Санта-Моникаға жақын.

Еске салайық, Геннадий Головкин HBO бокстан кеткеннен кейін телесеріктессіз қалды. Осы арнада қазақстандық боксшы 2012 жылдан бастап өнер көрсетті.

Ұсынған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір