• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 02:22:28
Алматы
+35°

02 Қазан, 2018 Ғылым-білім

"Физика ғылымында әйелдерге орын жоқ"

Струмиа ер адамдар мен әйелдер ғылымға алғаш аяқ басқанда бір сатыда тұратынын, бірақ ер адамдар әйелдерді басып озатынын да айтқан.

Женевада Еуропалық ядролық зерттеу ұйымының семинарында профессор физик Алессандро Струмиа «физиканы ойлап тапқан ер адамдар» деп мәлімдеген және физикаға ғалым әйелдерді шақырмайды деп меңзеген, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап.     

Пизан университетінің профессоры ғылыми ортадағы гендерлік мәселелерді қозғады. Ол ғалым ер адамдар гендерлік дискриминацияға жиі ұшырайтынын және бұл саясатқа байланысты болып жатқан жағдай екенін айтқан.

Профессор жас әйел физиктерден тұратын аудиторияның алдында сөйлеген. Ғалым зерттеу нәтижесінде физикадағы әйелдерге қатысты гендерлік шектеу болмағаны дәлелденгенін айтты. Струмиа ғылымдағы шектеу саяси күрестің бір бөлігі екенін қосып өтті.  

Еуропалық ядролық зерттеу ұйымы ғалымның презентациясын сайттан алып тастады. Ұйым қорлау, жеке басқа тиісу секілді әдеп нормаларының бұзылуына сәйкес Струмиамен зерттеудің басында-ақ әріптестікті бұзды.

Струмиа аталған ұйыммен онлайн-кітапханада жарияланған зерттеулерімен жиі бөлісетін. Оның семинардағы айтқандарын көбі, оның ішінде ұйым да қорлау фактілері бар деп есептейді. Ал ғалым тек нақты дәйектерді ғана келтіргенін айтады.

Струмиа ер адамдар мен әйелдер ғылымға алғаш аяқ басқанда бір сатыда тұратынын, бірақ ер адамдар әйелдерді басып озатынын да айтқан.

Ғалым «ер адамдар затпен жұмыс істегенді жақсы көреді, ал әйелдер адамдармен» деген еді.

Зерттеуші ер адамдарды шектеуге қатысты Струмиа Оксфорд университетінде әйелдерге ыңғайлы болу үшін емтихан уақытын ұзартатынын мысал қылды. Италияда да әйелдерге физика-техника мен технология саласында университетте арзан немесе тегін оқуды ұсынатынын айтады. Ғалым жұмысқа әйелдерді алғысы келгендіктен жұмысқа тұра алмағандығын қосып өтті.  

Лондондағы Империялық колледждің физигі Джессика Вейд ғалымның сөзі семинарға келгендердің көбінің көңіліне тигенін айтады.

«Семинарда жас әйелдер мен ер адамдар болды. Олар тәжірибе алмасып, әйелдерді қолдау мен оларды шектеуді қалай қолға алуға болатыны туралы ойларымен бөлісті. Сол уақытта бір ер адам мұның барлығы бос сөз екенін айтады. Ғылымдағы теңдік үшін көп іс тындырған еуропалық ядролық зерттеу ұйымы қалайша оны шақырғанын түсінбеймін», - дейді ол.

Еуропалық ядролық зерттеу ұйымның тарихында ұйымды алғаш рет әйел басқарып отыр. Ұйым ұйымдастырушылардың Струмианың не туралы айтатынын білмегенін жеткізді.

«Ұйым көптеген ұлтты біріктіреді. Мұнда барлығының мүмкіндігі бірдей. Адамның түсі, діні мен жынысына қарап бөлмейді» делінген түсініктемеде.

Ұйым өкілдері Струмианың сөзі жазылған видео бар екенін растады. Видео толық жариялана ма, әлде редакцияланған нұсқасы шыға ма белгісіз. Оны басшылық алдағы уақытта шешетін болады.

Assem Almuhanbet

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір