• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 00:25:31
Алматы
+35°

12 Желтоқсан, 2018 Әлем

Франциядағы атыстан 3 адам қайтыс болды

Францияның шығысында орналасқан Страсбургте атыс болып, үш адам қаза тапты

Францияның шығысында орналасқан Страсбургте атыс болып, үш адам қаза тапты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Сейсенбінің кешінде қарулы адам тұрғындарға оқ атқан. Куәгерлердің мәліметі бойынша, қарулы адам 10 шақты рет оқ атқан. 12  адам жарақат алып, жетеуі ауыр хәлде ауруханада жатыр.

Оқиға қала орталығында Рождество мерекесіне арналған сауда орнында болған. Күдікті жарақат алса да, қашып үлгерді.

Қазір бұл жайтқа байланысты қылмыстық іс қозғалды. Францияның ІІМ Страсбург тұрғындарын сыртқа шықпауға шақырды.

Франциялық БАҚ-тың мәліметі бойынша, 29 жастағы күдіктінің тұратын үйін тауып, тұтқындамақ болған кезде күдікті сытылып үлгерген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір