• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 12:35:37
Алматы
+35°

05 Қазан, 2018 Саясат

Фейсбукте 2000-ға жуық адам тікелей эфирде Назарбаевтың сөзін ұйып тыңдады

Бейнежазбаның астына пікір қалдырғандардың саны 779 екендігін баса назар аударып айтқанымыз жөн.

Балабақша, мектептердегі қауіпсіздік, ұстаздар статусы, азаматардың шетелге шықпай, ел ішінде ем алуы, құқық қорғау органдарындағы тәртіп, соттың әділеттілігі, қарапайым қазақтың баспаналы болуы сияқты ең өзекті мәселелерді көтерген Елбасының кезекті жолдауы жарияланды. 

Ақорданың фейсбук парақшасында Елбасының тікелей эфирін тамашалаған көрерменнің саны 1900 болды. Бейнежазбаның астына пікір қалдырғандардың саны 779 екендігін баса назар аударып айтқанымыз жөн. Ең қызығы, олардың дені - жастар. Уақыт өте келе саясатқа, жалпы алғанда, ел болашағына алаңдайтын жастардың көбейгені қуантады. 

Биылғы жолдауды Елбасы еркін форматта өткізгені де ерекше көзге түсті. Әзіл-қалжыңы аралас болғандықтан ба, зал бірнеше рет күлкісін жасыра алмады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір