• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 04:23:56
Алматы
+35°

05 Наурыз, 2019 Денсаулық

Фанатизм ауру болса, оның емі қандай?

Кейде адамдардың қызығушылығы фанатизмге ұласып кетеді. Біреулер бұны ауру дейді. Фанатизмнің зияны бар ма?

Кейде адамдардың шектен тыс қызығушылығы фанатизмге ұласып кетеді. Біреулер мұны ауру дейді. Ал фанатизмнің зияны бар ма Qamshy.kz ақпарат агенттігі жазады. 

Фанатизм ағылшын тілінен аударғанда "құрбандық" дегенді білдіреді. Фанатизмге шалдыққан адам белгілі бір тұлғаға немесе ұғымға сенеді және соған сөзсіз қалтқысыз беріледі, басқа ешқандай баламаны қабылдамайды. Фанатизм сол жолда құрбан болуға дайындықпен астасады. 

Психикалық аурулардың халықаралық жіктемесінде фанатизмді діни, саяси, идеологиялық, ғылыми деген топтарға бөледі. АҚШ-та фанатизм нормадан ауытқу деп саналады. Оны психологиялық әдістермен емдейді. Фанатизмнің соңы қауіпті нәтижелерге әкелуі мүмкін.

Ғалымдар фанаттардың өз кумирін көргенде қандағы концентраттардағы тестостеронның деңгейі жоғарылап кететінін айтады. Сонымен қатар, фанат өзіне ұнайтын тұлғаны мінсіз деп ойлайды және соның өмірімен өмір сүріп, сол адам секілді болғысы келеді. Ол өзінің кім екенін де ұмытуы мүмкін. Фанатизм - табынушылықтың шеттен шыққан, асқынған түрі. Фанат өзінің бар энергиясын өзі ешқашан көрмеген адамға жұмсайды.

Бұл жайт әсіресе жастар мен жасөспірімдердің арасында өте көп. Балаларының бөлмесіне кіре қалса, бөлме қабырғаларына жапсырылған жұлдыздардың суретін көреді, бірақ ата-аналар бұған мән бермейді. Баланың өтпелі кезеңіне балайды. Алайда, бұл жағдай өтпелі кезеңнің қызығушылығы ғана емес, өз кезегінде жасөспірімдерге зиянын шектіруде. Әсіресе жас қыздар сол суреттегі жұлдыздардың ашық-шашық киіміне, баттастырып жағылған бояуына бірден еліктейді. Солар сияқты "сұлулыққа" қол жеткізгісі, тіпті бет-әлпетін соларға ұқсатқысы келеді. Осы себептен де пластикалық ота жасатып жатқандар да аз емес. Әлдекімге еліктеп, оларды не үшін жақсы көретінін жастардың өздері де түсінбейді.

Фанатизм өте қауіпті. Сондықтан, шынайы өмірде сөйлесетін жақындарға, туыстарға, достарға көп назар аударған дұрыс. Фанатизмнің емі - адамның тұлғаға құрметпен қарауындағы ақыл мен білім мәдениеті. Сонымен қатар, жұлдыздарға емес, Алла елшісіне көбірек еліктесек, әлдеқайта бақытты болар едік.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір