• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 16:06:32
Алматы
+35°

11 Қазан, 2018 Әдебиет

Естелік (қазақтың дарабоз ақыны Ғафу Қайырбеков 90 жаста)

Алпыс жылдық мерей тойы өткеннен кейін, 1994-жылдың көктемінде Ғафаң Торғайға, туған жеріне соңғы рет келді.

Торғайда Шұбалаң атты елді мекен бар.Оның бір шеті шығыста Татыр көліне, батысында сонау Өлкейік өзеніне дейін, оңтүстігі бұрынғы Торғай уезінің орталығына дейін созылып жатыр. Мерген (Теңізбай) Шақшақ Жәнібек батырдың үзеңгілес, сенімді серігі болған. Содан Шақшақ Жәнібек Торғай аймағына ие болғанда , Шұбалаңды Мергенге еншілеп берген екен.

Патшалық заманда Торғай уездің орталығы болып тұрды. Ал, Шұбалаң соның бір болыстығы еді. Шұбалаң болыстығын ол кезде көбін Әйдеркеден тарайтын Мерген руы мекен етуші еді. Соданда болуы керек ХХ ғасырдың бас кезінде Төке бидің баласы Смағұл осы Шұбалаң болыстығында он үш жыл болыс болған екен.

16-17-жылдардағы Торғайдағы Ұлы төңкеріс кезінде осы Шұбалаңнан, Хакімбек, Омар Тынымов, Сейдахмет, Смағұлдың Мұқаны сияқты большевиктер көп шыққан. Содан бұл ауыл сол кезден "Большевик ауыл" атанып кеткен. Оның қасіретінде көрді. Дутовтың әскері Торғайға келгенде, "большевиктігі" үшін деп, бала шағасына дейін қырған.

"Шұбалаңға қай қырынан қарасаң да тарихи Жер.

Сондықтан Шұбалаңға арналған өз өлеңімді осы жерде келтіре кетейін:

ШҰБАЛАҢ

Шұбалаң жері шұбар көк,

Жанында өзен ақ ирек.

Шұбалаңда туған Мерген көп,

Айқаста туған Ерлер көп.

Алмас қылышы жарқылдап,

Мыңбасы болған Сейдахмет.

"Амангелдіге жақын" деп,

Қуғын көрген Хакімбек.

Шұбалаң ауылы мазасыз,

Қырғында болған мұнда көп.

Шешен де мұнда туған Жер,

Ақын да мұнда туған Жер,

Бәйгеде озған Сұлтан көк! (авторы Жұмат ӘНЕСҰЛЫ)

19- жылғы аласапыранда түрмеде атылған 19 комиссардың бесеуі Мерген руынан еді.

Содан бері Шұбалаңға "Большевик ауыл" деген ат мықтап бекіп еді. "Қиыншылықтың бір жеңілдігі болады" деуші еді ел, Кеңес өкіметі күшейген кезден бастап шұбалаңдықтардың біразы аудандық партия комитетінде, ішкі істер бөлімдерінде беделді қызметтерге қабылданды.

Ақын Ғафу Қайырбековтің туған жері осы Шұбалаңға қарасты Батпақсуат деген жерде.

Ғафаң Баймырза әулиенің ұрпағы. Әкесі Қайырбек пен менің туған нағашым Досщанның әкесі Жанатай немере туысы болады.

1958-жылы ақын Қайнекей Жармағамбетов, Сырбай Мәуленов, Ғафу Қайырбеков Кирoв колхозына келді. Орталығы "Түйемойнақ" деп аталатын. "Ақын" атанған адамдарды сол кезде алғаш көргенім..

Торғай өзенінің ол кезде суы мөлдір, терең еді. Олар өзеннің жағасына келіп суға түсті. Қақаңмен Сырағаңдардың сол кездің өзінде "қозы қарындары" бар, содан олар біз сияқты бала шағаға өте үлкен жастағы кісілер сияқты болып көрінді. Осы күні ойласам, Ғафаң ол кезде әлі қырыққа толмаған кезі екен. Сырағаң 46-да, Қайнекей ағамыз небәрі 51 жаста екен.

Содан кейін ақын Ғафуды 1972-жылы Арқалықта көрдім. "Көрдім емес ау" , аэропортта қарсы алып, жанында "көмекші" ретінде жүрдім. Ол кезде мен облыстық "Торғай таңы" газетінде істейтінмін. Сол кездегі Торғай облыстық партия комитетінің үшінші хашысы Өзбекәлі Жәнібеков Ғафаңмен Қаз Пи-де бірге оқыған екен, үшінші хатшы Ғафаңды аэропортта өзі қарсы алып, обкомның қонақжайына орналастырды. Ғафаң ол кезде "Жұлдыз" журналында қзмет істейтін, Қима ауданындағы Социалистік Еңбек Ері Еңсебаев туралы очерк жазуға іссапармен келген екен.

Ертеңіне таңертең облыстық комитеттің хатшысы Ө. Жәнібеков Ғафаңа өзі хабарласып "Қима ауданына баруға облыстық комитеттің мәшинесі дайын" екенін айтты. Су жаңа "Уаз" мәшинесі екен. Ғафаң, оған серік болып, жазушы С.Кенжеахметов, сосын мен мәшинеге отырып, Қима ауданына қарай жол тарттық.

1988-жыл. Ғафаңның 60 жастық мерей тойы Арқалық қаласынан басталған. Ғафаңның алпыс жылдық мерей тойын қолпаштап Алматыдан атақты жазушы Сәкен Жүнісов еріп келіпті. Ондағы "Кеншілер" Мәдениет үйінде Ғафаңа арналған шығармашылық жиын болып, облыс басшылары қатысты, Торғай өнерпаздарының үлкен концерті болды. Одан кейінгі тойлар Амантоғай, Амангелді аудандарында жалғасын тауып жатты.

Торғайда Ғафуды қолпаштап қарсы алу Албарбөгет совхозынан басталған. Ғафаңның көзіне ерекше ыстық Жаркөл, "Татыр" көлдері мәшинедегілерге жақсы әсер қалдырып, артта қалып бара жатты.

Ғафаң өзінің туған жеріне жақындаған сайын жүрегі алабұртып, небір тамаша әңгімелерді ағытып келе жатты.

Жолдағы Баймырза бабасының басына барып дұға бағыштады. Ата бабасының мекені Шұбалаңды көріп, көңілі алаңдағандай. Ол кезде Шұбалаңның орталығы Сужарғанда еді.

Шұбалаңнан бір шықырымдай жерде аудан оқушыларына арналған "Дала қоңырауы" атты пионер лагері бар ед. Бұл лагер ұлы ұстаз Ы.Алтынсаринге арнап жазған Ғафаңның "Дала қоңырауы" атт дастанының құрметіне аталған.

Одан кейн мерей тойдың Алматыдан келген қонақтары Ғафаңның кіндігі кесілген "Батпақсуат" деген жерге бет алды. Ол жер Шұбалаңнан онша алыс емес, мәшинелер сол жерге келіп тоқтады. Басқа мәшинеден түскен Ғафаңның жеңгелері

Ғафаңды судың жағасына алып, келіп, қолдарына алып, көтерді.

Ғафаң оған күліп,

"Ал, аунатсаңдар, аунатыңдар, тағы қайта туып бір көрейін"деп әзілдеген.

Сол жерде Бәдеш жеңгеміз бір уыс күміс шашты. Ырым ғой.

Осы жерде мен Ғафаң туған жерге арнаған бірер ауыз өлеңімді келтіре кетейін:

АҚЫН ТУҒАН ЖЕР (Ғафуға арнау)

Батпақсуат өзеннің бергі беті,

Су алуға келіншек барған кезде,

Батпағы сәл тобықтан асар еді.

Көктемде асып тасып, жарқыраса,

Жаз кезінде балық шолпып жатар еді.

Батпақсуат Ғафу ақынның туған жері,

Демепті ешкім "заманында болар сері"

Жағаға көшіп қонған оншақты үйден,

Естіледі, жас келіннің "Бесік жыры" (авторы Жұмат ӘНЕСҰЛЫ)

Алпыс жылдық мерей тойы өткеннен кейін, 1994-жылдың көктемінде Ғафаң Торғайға, туған жеріне соңғы рет келді.

Жұмат ӘНЕСҰЛЫ, жазушы, ақын, тарихшы, суретші

Төмендегі Ғафаңның портретін биыл ақынның 90 жылдығына орай жазып едім, Бұл портретті "Ахаңның жанында ілулі тұрсын" деп Ахмет Байтұрсынов мұражайына сыйладым. 

Автор

Ғафу Қайырбеков

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір