• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 14:57:02
Алматы
+35°

09 Қазан, 2018 Әдебиет

Есілхан батыр жайындағы «Қаралы көш» кітабының түрік тіліне аударылуы

Жазушы Жәди Шәкенұлының «Қаралы көш» атты кітабы шығыпты деп естігенде, кітапты Түркияға апарған едік.

Жазушы Жәди Шәкенұлының «Қаралы көш» атты кітабы шығыпты деп естігенде, кітапты Түркияға апарған едік.

Арада бірнеше жыл өткенде «Қазақ-Түрік Білім және Зерттеу қауымдастығы» атты үкіметтік емес ұйым құрып, сол ұйымның атынан Қазақ тілінде шыққан кітаптарды түрік тіліне аудару жобасын жүзеге асыруды қолға алдық.

Алдыменен қайсы кітапты аударсақ деген сөз болды. Әр кім әр түрлі ой-пкірін ортаға салып бір пікірге келе алмадық. Басқарушы топтың мүшелерімен жалғасты ақылдасайық дестік. Сөйтіп жүрген күндердің бірінде бұл көзқарасымыз туралы дастарқан үстінде анама да айттым. Анам өткен ғасырдағы қазақ көшінің куәгерлерінің бірі. Қазір 85 жаста. Ол маған: «Балам, біз қаншама жыл көптеген қиындықтарды бастан өткердік. Қазіргі таңда Түркиядамыз, құдайға шүкір сендерді яғни балаларымызды туған жерден, отанымыздан ұзақ жерде болса да ешнәрседен қорықпай өсірдік. Осы күнге жету үшін үлкендеріміздің көбі күресіп жүріп о дүниелік болып кетті. Ал сол кісілірдің ішінде аты ұмытылмайтын бір адам бар. Ол Елісхан батыр. Елісхан батыр қиын қыстау кезде, туған жері, халқы, діні үшін өз жанын пида еткен жан. Біздің осы жерге аман-есен жетуіміз үшін жол бойы көрген көптеген қиындықтарға қарамастан алға қойған мақсатына жету үшін өз жолынан тайынбай қазақ көшінің көшбасшысы болған. Ол кісінің өмірбаяны туралы бір кітап шығыпты деп естідім. Егер сол кітапты түрік тіліне аударатын болсаңдар, халық үшін үлкен қызмет жасаған боласыңдар. Осы кітапты  түрік тіліне аударсаңдар осы жердегі адамдар біздің қандай халық екенімізді білетін болады, әрі сендер де ата-бабаларымыздың алдындағы бір парыздарыңды орындайтын боласыңдар» деген еді.

Анамның сөзі маған ой салды. Ол кісінің бар шын ниетімен, көзіне жас ала отырып айтқан сөзі мені де толқытты.

Бұл кісінің сөзін басқарушы топтағыларға айтқанымда барлығы да қолдады. Сонымен аударылатын алғашқы кітаптың «Қаралы көш» кітабы болатыны жөнінде бір ауыздан шешім қабылдаған едік. Сөйтіп ендігі жерде аудармашы іздедік. Қазақстаннан келіп Түркияда біліп алып, қызмет атқарып жүрген аудармашы Нұргүл Берікболова қарындасымызды тауып, осы кітапты аударып беруін өтіндік. Бастабында жүрексінсе де, Нұргүл кітапты сәтті аударып шықты.

Кітаптың жарық көруіне Ибраһим Мұтлы, Яқұп Жан, Қызырбек Хайратуллаһ, Ісмайыл Шыңғыс сынды азаматтар ақыл, көмегін аямады. Стамбулдағы Календер баспасының редакторы тарихшы, жазушы Мұхаррем Ұшан мырза редаксиясын қарап, 2016 жылдың соңында баспадан шығарды.

Түркиядағы қазақтардың көш тарихы туралы, ондағы ел бастаған Елісхан туралы жазылған осы кітаптың түрікше аударылғаны үшін біз ерекше қуаныштымыз әрі мақтан тұтамыз.

Кітап басылып шықаннан кейін Түркия Республикасының Президенті Режет Тайип Ердоғанмен Ыстамбұлда болып өткен Жастар Фестивалінде кездестік. Тарапымыздан ашылған стендтерді аралаған кезде оған осы кітапты сыйға тарту еттік. Қазақтарды және олардың тарихын білетіндіктен міндетті түрде оқимын деп айтқан еді. Осыдан кейін тағы бір қуантарлық жағдай болды. Президенттің тапсырмасымен болса керек, Мәдениет минстрлігінің қадағалауымен «Қаралы көш» кітабының түрікше нұсқасын Түркиядаға Үкіметке қарасты барлық кітапханалар арнайы сатып алған екен.

«Қаралы көш» кітабының Түрік елінде жарық көруі үлкен аңыс қозғады. Кітап авторы Жәди Шәкенұлы мырзаны Стамбул қаласына шақырып, аталған кітап хақында конференциялар өтті. Бурса қаласында өткен мемлекеттік кітап жәрменкесіне қойылған кітабының оқырмандарына да жолғасып, түрік оқырмандарына қолтаңбалар берді.

Сөйтіп,  Елісхан батыр хақындағы «Қаралы көш» кітабы бүкіл түрік жұртына тарады. Қазақтың қайсар ұлы хақында, оның ерлік іздері жөнінде түрік туысқандар ғана емес Түркиядағы өзге ұлт өкілдері де білді. Түркия, Еуропадағы қазақ жастарының бәрі де осы кітап арқылы өздерінің өткенін білді, ата-бабаларымыздың қанды тарихын оқыды.

2017 жылы Қазақстанның бас қаласы Астанада өткен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайына біздің Үкіметтік емес ұйымымыз да шақырылды. Біз құрылтайда Түркиядағы қазақтардың атынан аса қадірлі Елбасына бір сыйлық апаруды ұйғардық. Беретін сыйлығымыз бізге қатысты, яғный Түркия қазақтарына тіке қатысты бір нәрсе болуы керек еді. Сөйтіп Түркидағы ең танымал сандық жасайтын ағаш шеберімен келістік. Қазақтың ұлттық оюларымен безендірілген сандық жасатып, ішіне Елісхан баытр хақындағы «Қаралы көш кітабы мен қазақтар туралы жарияланған басқа кітаптарды да салдық. Сауға салынған сандықты Стамбулдан ұшақпен арнайы Астанаға жеткізіп, қазақ президентінің қолына тапсырмақшы болдық. Сонымен Құрылтайға делагат ретінде қатысып, Жәди Шәкенұлының «Қаралы көш» кітабы мен Халифа Алтайдың кітаптары сынды төл тарихымызға қатысыт кітаптар салынған «алтын сандықты» Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлына тарту ету үшін тиісті адамдарға тапсырдық.

Осылайша біз тарихымызды ұмытпай, ата-бабаларымыздың басынан өткендерді баршаға түсіндіруге тырысып бағудамыз.

Қазіргі таңда дүние жүзінің түкпір-түкпіріне тарыдай шашылған қазақтардың басынан көптеген қиыншылықтар өткен. Елісхан сынды батырларымыз өзін ойламай, өзінің отбасы, бала-шағасын ойламай тек қана халқын ойлады. Біз оның рухын мәңгілік мақтаныш сезінеміз. Шын мәнінде анамның маған айтқан Елісхан батыр жайындағы кітапты түрікше шығар дегені, сол кісі көзімен көре қалған мыңдаған шаһиттердің аманаты еді. Біз аманатты орындағанымыз үшін қуанамыз. Бүгіндері Түркияда білім алып жатқан өзге ұлт өкілдері де «Қаралы көш» кітабымен танысып, қазақтың қас батыры Елісхан хақында білді. Әрі осы кітап жөнінде университет студенттері децартациялық еңбектер қорғауда. Стамбул университетінде тарих мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттерге аталған оқу орнының ұстаздары «Қаралы көшті» оқып шығулары туралы арнайы тапсырма беріп, олардың барлығы да кітапты оқып шыққан екен. Қазақтарды түрік ұлтының бір бөлегі деп білетін олар Елісхан батырды өз батырлары ретінде қабылдады.

Құдайға шүкір, қазір тәуелсіз еліміз бар. Біздің тілегіміз – еліміздің тәуелсіздігінің баянды болуы. Осы Тәуелсіздікті, осы тәуелсіз Отанының құшағында өтіп жатқан біздің батырларымыз хақындағы іс-шараларымызды көріп, ата-бабаларымыз жатқан жерлерінде бір аунап түскен шығар... Жатқан жерлері жәннат болғай!

Шабан Серкан Динчтүрк,

Қазақ-Түрік білім және зерттеу қауымдастығының төрағасы

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір