• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 01:08:36
Алматы
+35°

10 Наурыз, 2019 Спорт

Элизабет Тұрсынбаева "Универсиада-2019"-дың күміс жүлдесіне ие болды

Қысқа бағдарламадан соң жерлесіміз төртінші орынға табан тіреген. Еркін бағдарламаны еш қатесіз орындаған ол жалпы есепте екінші орынға көтерілді.

Красноярск қаласында өтіп жатқан қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан қоржыны тағы бір медальмен толықты. Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаудан күміс жүлде жеңіп алды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Қысқа бағдарламадан соң жерлесіміз төртінші орынға табан тіреген. Еркін бағдарламаны еш қатесіз орындаған ол жалпы есепте екінші орынға көтерілді.

Тұрсынбаева өзінің екі рекордын жаңартты. Еркін бағдарламадан алғаш рет 147.20 ұпай иеленсе, қоссайыс қорытындысы бойынша 214.77 ұпайға қол жеткізді.

Алтын жүлдені жапондық Маи Михара (220.68), қоланы ресейлік Станислава Константинова (205.91) жеңіп алды.

Тағы бір қазақстандық спортшы Айза Мамбекова 124.41 ұпаймен 17-ші орынды қанағат тұтты.

Ұсынған: Мақпал Сембай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір