• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 06:34:13
Алматы
+35°

16 Мамыр, 2019

Елімізде "Анашым, біз үйдеміз" атты әлеуметтік тележоба басталады (видео)

Ағымдағы жылдың өзінде атаулы әлеуметтік көмекпен қатар 40 мың жалдамалы пәтер құрылысына қатысты жаңа іс-шаралар қолға алынды.

Елімізде «Анашым, біз үйдеміз» деп аталатын жоба көпбалалы отбасыларға арналған әлеуметтік тележоба басталады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі kaztrk.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Орталық коммуникациялар қызметінде мәлімдеді.  Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды демеу мақсатында жасалып жатқан шара аясында мұндай отбасылардың баспаналары күрделі жөндеуден өткізіледі. Ол үшін алдымен іріктеуден өту керек. Басты талаптары: міндетті түрде отбасы көп балалы болуы және жеке баспанасы болуы тиіс. Және іріктеуге қатысу үшін отбасы туралы әдемі әңгіме жазу керек.

Дәурен Абаев,  ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі: "Жыл сайын көпбалалы отбасыларды қолдау мақсатында көптеген мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылдың өзінде атаулы әлеуметтік көмекпен қатар 40 мың жалдамалы пәтер құрылысына қатысты жаңа іс-шаралар қолға алынды. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі де көпбалалы отбасыларға байланысты бастамаларды қолдауға әрдайым дайын" -деді.

Оқи отырыңыз, ♦“Анашым, біз үйдеміз” бағдарламасына қалай қатысуға болады?



Ұсынған: Мақпал Сембай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір