• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:23:05
Алматы
+35°

20 Қазан, 2018 Аймақтар

Электронды сауда субъектілеріне арналған жеңілдіктер қандай?

Бүгінгі таңда еліміздегі е-коммерцияны ілгерілету мақсатында көптеген іс-шаралар жүзеге асып жатыр

Бүгінгі таңда еліміздегі е-коммерцияны ілгерілету мақсатында көптеген іс-шаралар жүзеге асып жатыр. Солардың бірі – электронды сауда қатысушыларына арналған төлем жүйесі. Баршамыз білетіндей, бұл жүйе интернет-саудадағы негізгі элементтердің бірі. Осы ретте, электронды сауда субъектілері үшін қолма-қол ақшасыз төлемнің құралы ретінде «салынбалы төлемді» тану бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.  

Отандық БАҚ таратқан мәлімет бойынша қазіргі таңда «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы жобасының тұжырымдамасы әзірленді. Осыған сәйкес, электронды сауданы одан әрі дамыту мәселелері реттелмек.

«Жалпы, электронды сауда саласындағы мемлекеттік бағдарламалар мен іс-шараларды іске асыру басталғаннан бері нарықтың дамуында оң үрдіс байқалады. Осы оң өзгерістерді әрі қарай жалғастыру мақсатында электронды сауданы дамытуда қолданыстағы тәсілдерді қайта қарау жұмыстары басталып кетті», – делінген Ұлттық экономика министрлігінің берген мәліметінде.

Бұл мақсатта әлемдік тәжірибе зерттелген. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, электронды сауда алаңдарын дамыту электронды коммерцияны дамытуда оң үрдісті көрсеткен. Бұл өз кезегінде электронды сауда субъектілеріне сайт құруды, қолма-қол ақшасыз төлемдер жүйесін енгізуді, жеткізу қызметтерінде және т.б. үнемдеуге мүмкіндік бермек.

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, еліміздегі онлайн нарықты дамыту үшін «Қазпошта» АҚ Алматы және Астана қалаларында Фулфилмент орталықтарын салу бойынша жобаларын іске қосты (қаттау, сақтау, сұрыптау, қаптау, та­сымалдау). Мұндай орталықтар тауар жеткізу уақытын едәуір қысқартуға, тасымалдау шығындарын азайтуға және жеке курьерлік пошталарды қалыптастыруға ықпал етпек. Бұған қоса, интернет-дүкендер және электронды алаңдармен логистикалық үрдістердің аутсорсингін қалыптастыруға жағдай жасайды.

Тағы да айта кететін жайт, 2018 жылдың 1-ші қаңтарында Қазақстанда электронды сауда қызметкерлері табыс салығынан босатылған болатын. Яғни, электронды сауда саласының корпоративтік және жеке табыс салығынан алынатын салықтан 0 пайызға дейін босатудың белгіленген тәртібіне сәйкес салықтық жеңілдіктер күшіне енді. Бұл ереже 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін жүзеге асырылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір