• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 15:25:46
Алматы
+35°

18 Қазан, 2018 Саясат

Елбасының шешімімен Теренченко "Нұр Отанға" хатшы болып тағайындалды

Теренченко бұған дейін Павлодар облысындағы «Нұр Отан» партиясы филиалының төрағасының орынбасары болып қызмет атқарған.

«Нұр Отан» партиясына жаңа хатшы болып Илья Теренченко келді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Ол бұған дейін Павлодар облысындағы «Нұр Отан» партиясы филиалының төрағасының орынбасары болып қызмет атқарған.

Илья Теренченко ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен партия хатшысы болып тағайындалды. «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев әріптестеріне жаңа орынбасарды таныстырып, партияның бұдан былай лайықты түрде жұмыс істейтінін айтты.

«Партияның Павлодар облысындағы филиалы соңғы жылдары жақсы көрсеткіш көрсетті. Партиялық жобаларды жүзеге асыруы, IT-класс, IT-орталықтар және басқа да бағыттардың ашылуы барысында белсенді болды. Бүгінде Павлодар облысы партиямыздың филиалдары арасында көш бастап тұрғанын нық сеніммен айта аламын. Павлодар облыстық филиалының төрағасының орынбасары партиямыздың орынбасары етіп тағайындалуы – партияның лайықты түрде жұмыс істейтінінің айғағы. Әр өңірлерде кімнің қалай жұмыс істеп жатқанын біз жақсы білеміз. Берілген тапсырмаларды орындай алуы, тиянақтылығы, ұқыптылығы, жауапкершілігі біздің бақылауымызда», - деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар жаңа орынбасардың партияның дамуына, жаңғыруына үлесін қосып, тың өзгерістер әкелетініне сенімді. Партияның алдындағы міндеттер, мемлекет басшысының 5 әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру, «Нұр Отанның» 20 жылдығын атап өту жұмыстары ендігі жаңа орынбасардың мойнына жүктелді. Ал Әшімбаев Теренченконың бұл шараларды оңайлықпен алып шығатынына сеніп отыр.

«Мемлекет басшысы бізге, жаңа орынбасарға үлкен сенім артып отыр. Әрі Илья Сергейұлының мүмкіндіктерін, іскерлік қасиеттерін, энергиясын да көріп отыр. Жаңа табыстар тілеймін. Бұл күз «Нұр Отанға» жаңа леп әкелмек», - деді бірінші орынбасар.

Өзіне үлкен сенім артылған Илья Теренченко алғыс білдіріп, жауапкершілікті абыроймен атқарып шығатынын, басшылардың, нұротандықтардың сенімін ақтайтынын айтты.

«Партия қатарына алғаш 2004 жылы қосылдым. «Жас Отан» жастар қанатының қоғамдық жұмыстарына белсенді араластым. Павлодар қалалық мәслихатының депутаты болғанда да. фракция жетекшісі, партияның облыстық филиалында орынбасар болып қызмет етіп жүргенімде де, жауапкершілігімді жақсы түсіндім. Енді, міне, жаңа қызметке тағайындалып, мұны меритократияның жарқын үлгісі деп қабылдаймын. Үміттеріңізді ақтаймын», - деді сөз алған Илья Теренченко.

Айта кетейік, Илья Теренченко 1983 жылы 15 қарашада Павлодар қаласында туған. Заңгер, қаржы және кредит, сондай-ақ, саясаттану мамандықтары бойынша жоғары білім алған. 2006 жылдан бері «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Бірнеше жыл бизнес саласында жұмыс істеген ол Павлодар облысында кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалын басқарған. Сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды. Ал 2016 жылдың сәуір айынан бастап бүгінге дейін «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір