• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 06:26:16
Алматы
+35°

20 Наурыз, 2019 Айтты-ей, бауырың!

"Елбасы өз қызметін аяқтады, Алла үйін салуды бастап беріп"

Отыз жыл елге пана болған тұлға Кетті де абыройы зор қалпында

Отыз жыл елге пана болған тұлға
Кетті де абыройы зор қалпында
Босағамды бекіткен Нұр ағам деп
Көңілі босаған ел қалды артында

Жетеле деп биікке халқыңды әрі
Қимайды оны қалың ел артындағы
Құлаш жайған қазақтың бәйтерегін
Өз қолымен өсірген нартұлғаны

Бұндай мұңды боп еді наурызым қай?
Көңілі еріп көктемнің қар-мұзындай
Еркелігі елдің де сап тиылды
Әкесінен көз жазған жалғыз ұлдай. 

♦"Кеткенменен президенттік орыннан, жүрегімнен кетпейтұғын нұрымсыз"

Жүректегі иманын растап беріп,
Имамдармен жүздесті мақсат көріп.
Елбасы өз қызметін аяқтады
Алла үйін салуды бастап беріп.

Елбасы ісін жасап үздік ердің,
Дәлелдеді жолымен ізгілердің
Бір Алладан басқаға құл болмайтын
Мұсылман ел екенін біздің елдің.

Көшін сүйреп қазақтың жол бастаған
Артық туған жан еді ол басқадан
Өз қазағын аялап қаншама жыл
Қанаттыға қақтырмай қорғаштаған.

Жеткізген қазақ қолын дара баққа,
Осылай тұтас дәуір қалады артта
Аяғына тұрғызған мемлекетті
Ерің кетсе, қазағым, шара жоқ па?
Ел болайық қиянат жасап алмай
Елбасымыз қалдырған аманатқа.

Сырым Әуезхан

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір