• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:33:24
Алматы
+35°

11 Желтоқсан, 2018 Аймақтар

Елбасы мақаласы бізге жаңа шабыт, жаңа рух берді

Күні бүгінге дейін еліміздің бай тарихы туралы кітап беттерінен, ғалымдарымыздың еңбектерінен оқып білген едік

Күні бүгінге дейін еліміздің бай тарихы туралы кітап беттерінен, ғалымдарымыздың еңбектерінен оқып білген едік. Міне, күні кеше ғана Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласы жарық көріп, төл тарихымызды басқа қырынан танығандай болып жатырмыз.

Бұл еңбек бізге жаңа­ша шабыт, рух берді. Жоғымыз табылғандай болып жатырмыз. Әсіре­се, біздер, тарих пәнінің мұғалімдері үшін бұл еңбек түрлі мәде­ниеттің бастауы іспетті болды. Елбасымыз «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдар­ламалық мақала­сында бүгінгі Қазақ­стан­­ның бола­шағы мен өткенін кеңінен қамтыса, «Ұлы даланың жеті қы­ры» атты мақаласында ежелгі тарихымыз бен мә­дение­тімізге, ежелгі өр­кение­тімізді қайта жаң­ғырту керек­тігін тап­сырып отыр.

Әсіресе, бұл жолда біздің ғалым­дарымызға, тарихшы­ларымызға тағы да тер төгу міндеті тұр. Күнделікті сабақ бары­сында мақалада көрсе­тілген «Атқа міну мәде­ниеті, «Ұлы даладағы ежел­гі метал­лургия», «Аң стилі», «Алтын адам», «Түркі әлемінің бесігі», «Ұлы Жібек жолы», «Қазақ­стан – алма мен қызғалдақтың Отаны» деп айрықша бөліп көрсе­тілген бөлім­дер туралы оқушылар да қызыға тыңдады.

Әсел Асқарқожаева

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір