• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 14:13:19
Алматы
+35°

10 Қазан, 2018 NEWS

Елбасы Асқар Жұмағалиевті қабылдады

Премьер-Министрдің орынбасары Мемлекет басшысына инвестициялық форумдар аясында өткен екі жақты кездесулердің нәтижелерін баяндады.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына Нью-Йорк және Лондон қалаларында өткен инвестициялық форумдардың қорытындылары жөнінде есеп берілді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Асқар Жұмағалиев әлеуетті шетелдік инвесторлар үшін бірқатар панельді сессия өткізілгені жөнінде мәлімдеді. Бұл басқосуларда Қазақстандағы жекешелендіру үдерісі, экономиканың жекелеген секторларына инвестиция салу, Ұлы Жібек жолын жаңғырту, көлік логистикасын дамыту жайы, сондай-ақ цифрландырудағы инновацияның рөлі мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметі туралы мәселелер талқыланды. 

Сонымен қатар, Премьер-Министрдің орынбасары Мемлекет басшысына инвестициялық форумдар аясында өткен екі жақты кездесулердің нәтижелерін баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу соңында бірқатар нақты тапсырма берді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір