• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 05:03:55
Алматы
+35°

23 Шілде, 2018

«Эл Фриман» фильмі Мадрид қаласында өтетін халықаралық кинофестивальге қатысады

Бір күні олар  бай, бірақ жалғызбасты Амбассадор есімді қариямен танысады...

 

 «Эл Фриман» көркем фильмі үстіміздегі жылы шілде айының 21-і мен 28-і аралығында Мадрид қаласында өтіп жатқан халықаралық кинофестивальге қатысады, деп хабарлайды Qamshy.kz

Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жарыққа шығарған  кинотуынды «Үздік оператор» және «Үздік режиссер-дебютант» номинацияларында бақ сынайды.

Режиссер-дебютант Елжас Рақымбеков (шығармашылық лақап аты Михар Сажле) пен Антонио Чавес түсірген  картина Лос-Анджелесте американдық үкіметтен жасырынып жүрген иммигранттың өмірі туралы баяндайды.

- Фестивальден тек жақсы жаңалық күтеміз. «Үздік режиссер-дебютант» жүлдесіне үміткерлер қатарына енгенімізге қуаныштымын. Әрине,  жүлделі орыннан көрінетінімізге сенімдімін. Фильмнің операторы Эрик Кьонаш «Үздік оператор» жүлдесіне лайық деп ойлаймын, - деді фильмнің со-режиссері Елжас Рақымбеков.

Мадрид қаласында жыл сайын өткізілетін халықаралық кинофестивальде түрлі елден келген киноиндустрияның өкілдері, атап айтсақ, жас киногерлер мен кәсіби режиссерлер, дистрибьюторлар мен басқа да мамандар бас қосады.  Кинематографияның барлық белгілі жанрларына есігі ашық бұл фестивальде жас буын режиссерлерге, заманауи тенденциялар мен кино саласының дамуына ықпал жасайтын трендтерге аса көңіл бөлінеді.

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ және Libertus Films түсірген 77 минуттық, драма, криминал жанрындағы фильмде Эл – Лос-Анджелесте американдық биліктен жасырынып жүрген иммигрант. Ол өз көлігінде түнеп жүріп, жүк тасушы болып жұмыс істейді. Эл досы Артурмен бірге кілттердің көшірмесін жасап, компанияның бұрынғы клиенттерін тонап, күнін көреді. Бір күні олар  бай, бірақ жалғызбасты Амбассадор есімді қариямен танысады...

Фильм режиссері Елжас Рақымбеков - актёр, сценарист, режиссер. «Либертус» кинолабораториясының негізін қалаушы (2014, Невада, АҚШ). Халықаралық «Еуразия-2015» кинофестивалі «Work-in-progress» номинациясының жеңімпазы («Эль Фриман» көркем фильмі, Алматы, Қазақстан); Таллин-2015 халықаралық кинофестиваліне қатысқан; Қазақстан киносыншылары қауымдастығы шешімімен «Екінші пландағы үздік ер адам рөлі» номинациясына үміткер болған («Арман», 2017, реж. Рашид Сүлейменов).

Антонио Чавес Мексиканың «MVS Exa ТВ» телеарнасы үшін көңіл көтеру бағдарламаларды жарыққа шығаратын  ірі компанияларының бірінде режиссер және продюсер болып қызмет атқарды. Сондай-ақ маркетинг және жарнама салаларында жұмыс істеген. 2009 жылы ол «Carta Entretenimiento» компаниясын құрды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір