• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 14:22:32
Алматы
+35°

22 Қазан, 2018 NEWS

Жас ұлан республикалық мектебінің іргетасы  1999 жылы қаланған болатын. Мектепке армия генералы, Кеңес одағының батыры, №1 Халық қаһарманы, №1 Қорғаныс министрі С.Қ.Нұрмағамбетов атамыздың құрметіне есімі берілді. 1999 жылы 4 қарашада Ел президенті, ҚРҚК-нің жоғарғы бас қолбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен мектептің салтанатты ашылу рәсімі болды. Тәуелсіз Қазақстанның қарулы күштері үшін осындай оқу орнын құру Елбасының тың идеясы.

Бүгінгі таңда жиырма жылдық тарихы бар  мектепте қазақстанның түпкір-түпкірінен келген жас өрендер, сан-ұлтты Қазақстанның өкілдері бір шаңырақ астында айрандай ұйып, өз білімдерін жалғастырып, ерінбей еңбектенуде.

Жас Ұлан

Жас ұлан Республикалық мектебінің басты міндеті – әрбір тәрбиеленушісінің ұлтына адал, антына берік, отансүйгіш,  интернационализмді болып қалыптасуы. Сол жолда мектеп ұландары бүгінде білікті әскери командалық құрам және білімді ұстаздардан тәрбие мен білімді қатар  бойға сіңіріп отыр. Осындай мамандардың арқасында Жас ұлан мектебін – Отанының берік қорғандары, кешегі Абылай мен бүгінгі Сағадаттың ізбасарлары үздік көрсеткішпен тәмамдауда.

Жас Ұлан

 Мектеп тәрбиеленушілері оқытудың жаңа үлгісінде білім алып, күшейтілген дене дайындығын, әскери пәндерді, мемлекеттік және шет тілдерді терең меңгеруде. Алдымызда мектебіміздің 20 жылдық мерейтойы келе жатыр. Жиырма жылдық мерейтой қарсаңында  ұландар қоғамдық іс-шараларға белсене қатысып, мәдени көпшілік ортада өз білімдері мен өнерлерін сынап байқауда. Жас ұландықтар бойынан тек отан қорғаушылық қасиет қана емес, сонымен қатар сегіз қырлы бір сырлылық та табылады.

Жас ұландықтар үшін С.Қ.Нұрмағамбетов – аты аңызға айналған, өмір жолы өнегелі, біртуар аңыз адам. Осындай батыр атамыздың есімі берілген оқу орнында тәрбие алу – біздер  үшін үлкен құрмет, абырой. Біз Жас ұлан республикалық  мектебінің тәрбиеленушілері Нұрмағамбетовшы екенімізді  естен шығармауымыз керек.

Жас Ұлан

Патриотизмнің ұшқыны бойынан тасыған Нұрмағамбетовшылардың алдыңғы буыны қазіргі таңда ҚРҚК-нің жоғарғы оқу орнында білімін жалғастырып жатса, кейінгі буыны өзінің отан алдындағы борышын маңдайдан тер шыға, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы айтпақшы «Ел дегенде еміреніп, жер дегенде тебіреніп» өтеуде.

Жас Ұлан

Бүгінгі Жас ұландықтар ҚР ҚК-нің ертеңгі болашағы десем сөзіме ешкім шүбә келтірмес. Өз елім, елім үшін бәріне төземін, елдігім үшін жер шарды кеземін, басымызға күн туса толарсақтан қан кешемін деген ерен ерлер  ұрпағы Жас ұлан  мектебінде тәрбиеленуде. Қазақта «Ер елі үшін туады, елі үшін өледі» деген  сөз бар. Сол ерлеріңіз біз болармыз, кім біледі?

  

   Ұлы Отанның ұландары

Бойымызда сақ бабаның сабырлығы

Ойымызда алты алаштың ауыр мұңы

Ерлерім азаттықты арман етті

Берген жоқ па қабыл қып тәңір мұны

 

Берекемен молайсын ырыс бүгін

Бір өзіңе арнайын жыр ұшқынын

Жасай берсін отанды қорғаушылар

Күзеткен азат елдің тыныштығын

 

Қазақтың самғайтұғын қыранымыз

Таусылмасын мәңгілік жыр әніміз

Қазақстан дейтұғын ұлы Отанның

Қайтпас қайсар қайратты ұланымыз

 

Ақтаған ақ үмітін аналардың

Еңбегін ерлерімнің бағалар кім

Бүгінгі біз боламыз ұландары

Кешегі өткен баһадүр бабалардың

 

Жас Ұлан

С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы

Жас ұлан республикалық мектебінің

ұланы Мұхамет Нұржанат

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір