• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 14:53:09
+35°

20 Ақпан, 2018 Кәсіпкер

Екі кәсіпкер Қытайлықтардың 1 млрд теңгесін иемденіп алған болуы мүмкін

«Базис Алатау» ЖШС басшылары үш Қытай азаматының 1 млрд теңгесін иемденіп, алаяқтық жасады деген күдікке ілікті.

«Базис Алатау» ЖШС басшылары үш Қытай азаматының 1 млрд теңгесін иемденіп, алаяқтық жасады деген күдікке ілікті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап. 

«ҚР Бас прокуратурасының арнайы прокурорлар қызметі «Базис Алатау» ЖШС басшылары Б.Баймұханов, Г.Нәбиева және басқаларға қатысты Қытайдың үш азаматы Хэ Хан Вей, Линь Нуцзы және Ван Джунға алаяқтық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деп атап өтілген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу материалдарына сәйкес, Б.Баймұханов пен Г.Нәбиева «Қорғас» ШЫХО аумағында инвестициялық объектілерді салу және жер учаскелерін жалға беру туралы келісімдер жасауға және ойын бизнесін жүргізу үшін рұқсат алуға көмектесеміз деген сылтаумен үш қытайлық азаматтың 1 млрд. теңге көлеміндегі қаржысын иемденіп кеткен.

Күдікті Б.Баймұханов пен Г.Нәбиева 2018 жылдың 20 ақпанында ұсталып, соттың санкциясымен тұтқындалған. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір