• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 12:06:02
Алматы
+35°

01 Қазан, 2018 Ғылым-білім

Джеймс Эллисон мен Тасуку Хондзё рактың иммундық терапиясын ойлап тапқандары үшін Нобель сыйлығын алмақ

Джеймс Эллисон мен Тасуку Хондзё 2018 жылы физиология мен медицина саласы бойынша Нобель сыйлығын алады.

Тасуку Хондзё (Жапония) мен Джеймс Эллисонға (АҚШ) Нобель сыйлығы беріледі. Бұл туралы бүгін Нобельдің Стокгольмдегі Каролина институтының жанындағы медицина комитеті хабарлады.

«Джеймс Эллисон мен Тасуку Хондзё 2018 жылы физиология мен медицина саласы бойынша Нобель сыйлығын алады. Олар ракты емдеуде ашқан жаңалығы үшін марапатталды», - дейді комитет төрағасы лауреаттарды хабарлаған кезде.

Тасуку Хондзё 1942 жылы Киотада дүниеге келген. 1966 жылы медицина факультеті бойынша білім алды.

Джеймс Эллисон 1948 жылы АҚШ-та дүниеге келді. Қазір Техас университетінің профессоры және Хьюстондағы М.Д. Андерсон атындағы Онкологиялық орталықтағы кафедра меңгерушісі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір