• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 09:35:59
Алматы
+35°

17 Қазан, 2018

Домбыраның құлағында ойнайтын жапондық Фуки Яги кім?

Болашақта Жапонияға оралғанда Фуки Яги қазақ мәдениетін өз елінде насихаттауға күш салатынын жеткізді.

"Өнер ұлтқа бөлінбейді, керісінше біріктіреді. Демек мен қолыма домбыра алғанда қазақпын",- деп ағынан жарылды жапон азаматы Фуки Яги. Домбыраның үніне ғашық, жүзі жылы Фуки Ягидің "Мен Қазақпын" халықаралық байқауында қонақ ретінде келіп қатысуы қалың көрерменді тәнті етті. Qamshy.kz ақпарат агенттігі Фуки Ягиді жайлы кеңірек ақпарат беруді жөн санады.

Фуки Ягидің фейсбук парақшасын іздеп таптық. Алайда өзі жайлы мардымды ешқандай ақпарат жарияламапты. Өз өмірін құпия ұстауды ұйғарған 27 жастағы Фуки Ягидің тек 2010 жылы Моңғолияда барған сапарында Қазақстанға деген қызығушылығы оянғанын білеміз. Көп ұзамай қазақ өнерін, салт-дәстүрін зерттеу, зерделеу үшін Қазақ еліне ат терлетіп келген Фуки Яги көпке үлгі боларлық жан. Себебі ол бес жыл бойы қазақ өнерін зерттеп келеді. Қазақша үйреніп қана қоймай домбыраның құлағында шебер ойнауды меңгеріп алған жапон азаматы қазақтың дәстүрлі әндерін орындағаннан рухани ләззат алады екен. «Таңшолпан» бағдарламасына қонақ болып келген сәтінде Фуки Яги «Қайран заманды» орындап беруі бекер емес. Қазақ пен жапон халқы үндес келеді, тіпті жетіген аспабы жапондардың като аспабына қатты ұқсайтынын тілге тиек еткен болатын. Қазақ тілі күрделі тіл екендігін мойындай отыра ол ешқандай арнайы тіл курстарына бармағанын ашық айтты. Болашақта Жапонияға оралғанда Фуки Яги қазақ мәдениетін өз елінде насихаттауға күш салатынын жеткізді. 

 

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір