• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 23:28:26
Алматы
+35°

11 Наурыз, 2019 Спорт

Дмитрий Баландин Словениядағы турнирде төртінші алтынды ұтып алды

Осыған дейін Баландин брасс әдісі бойынша 50 және 200 метр қашықтықтарында үздік атанған еді.

Қазақстандық олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин Словенияда өтіп жатқан халықаралық турнирдің екінші күні екі алтын ұтып алды, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сайтын сілтеме жасап.

Бұл жолы Баландин 100 метрлік брасс әдісімен жүзіп, бірінші орынға ие болды.

Әйелдер арасында бұл бағдарламада Аделаида Пчелинцева 2-орын алды.

Ал Диана Назарова арқамен жүзу бойынша 50 метрлік қашықтықта бірінші болды. Анастасия Резванцева шалқалап жүзу бойынша 200 метрде алтын медальды ұтып алды.

Әділбек Мусин 50 метрге баттерфляй жүзу әдісінде ақтық мәреде жеңіске жетті.

Біріктірілген ерлер  эстафетасында "4 жүзуші 100 метрден" (Дмитрий Баландин, Александр Варакин, Әділбек Мусин, Әділ Қасқабай) төрттігі жеңіске жетті.

Ал әйелдер дәл осы бағдарлама бойынша (Анастасия Резванцева, Аделаида Пчелинцева, Диана Назарова, Алина Костенко) қола медальға ие болды.

Осыған дейін Баландин брасс әдісі бойынша 50 және 200 метр қашықтықтарында үздік атанған еді.

Ұсынған: Мақпал Сембай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір