• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 07:43:06
Алматы
+35°

23 Қыркүйек, 2018

Данэлия Төлешова «Балалар Евровидениесінде» Қазақстан намысын қорғайды

Алматыда республикалық «Junior Eurovizion 2018» байқауының ақтық сынында 12 жастағы Данэлия Тулешова топ жарды

Алматыда республикалық «Junior Eurovizion 2018» байқауының ақтық сынында 12 жастағы Данэлия Тулешова топ жарды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Сенбі күні «Хабар» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетілген гала-концертке қатысқан үміткерлер арасынан Данэлияға көрермендер мен қазылар алқасы жиынтық 22 ұпай берді. Сөйтіп ол ұлттық іріктеу сынында жеңімпаз атанды.

Финалда өңірлік іріктеулерден өткен 10 қатысушы, атап айтқанда Максим Ержан, Зере Әмірбекова, Мейіржан Жидебай, Мария Затварницкая, Жанелья Қалдыбек, Динар Нәдірбекова, Асуат Санат, Бинура Саудабай, Данэлия Төлешова, Сүйкім Қабылбек  алғаш рет мыңдаған көрерменнің алдында ән салған болатын. Жеңімпазды таңдау үшін көрермендер өздеріне ұнаған қатысушыға смс жолдау немесе телефонмен хабарласу арқылы дауыс беріп, әділқазылар алқасы да олардың өнерін бағалаған болатын.

Данэлия бұл жолы Иван Лопуховтың «Өзіңе сен» әнін орындады. Әннің сөзін жазған - Камила Даирова, Данэлия Тулешова және Артем Кузьменков.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір