• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 03:46:54
Алматы
+35°

12 Қыркүйек, 2018 Денсаулық

Биыл 1,5 миллионнан астам адам тегін дәрімен қамтылады - ДСМ

Дәрі-дәрмекті сату сынды әрекеттер болса, бірден фармация комитетінің жергілікті департаментіне хабарлап айту керек.

Биыл 8 ай ішінде 1,5 миллионнан астам адам тегін дәрімен қамтылады. Ал жыл соңына дейін 3,5 миллион адам тегін дәрі-дәрмекке қол жеткізе алады. Бұл туралы бүгін денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Біртановтың айтуынша, тегін дәрі-дәрмектер тізіміне кіретін дәрілер ғана тегін беріледі. Ал тізімдегі дәрі-дәрмекті сату сынды әрекеттер болса, бірден фармация комитетінің жергілікті департаментіне хабарлап айту керек. Ондай жағдайда қажетті әкімшілік не құқықтық шешімдер қабылданады.

Айта кетейік, былтыр Нұрсұлтан Назарбаев Денсаулық сақтау министрлігіне тегін дәрі-дәрмекпен қамту және дәрі-дәрмектердің бағасын реттеу бойынша тапсырмалар берген еді. Дәрі-дәрмектің бағасын реттеу туралы заң да Парламентте қаралып, жылдың аяғына дейін шешім қабылданбақ. Яғни, Біртановтың айтуынша, 2019 жылдың аяғына дейін еліміздегі барлық дәріханадағы дәрі-дәрмектің бағасын реттеу механизмі енгізіледі. Бұл дәрілердің бағасы түрлі дәріханаларда әр түрлі бағамен сатылуына байланысты. Тіпті, жазда бір баға, қыста басқа бағамен сататын дәріханаларда көп. Егер жаңа заң қабылданса, министр бәрі реттелетініне сендірді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір