• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 09:55:03
Алматы
+35°

14 Қазан, 2018 NEWS

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болып, жауын-шашын күтіледі, тек республиканың оңтүстік-батысында жаңбыр жаумайды

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болып, жауын-шашын күтіледі, тек республиканың оңтүстік-батысында жаңбыр жаумайды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі, желдің жылдамдығы түнде 15-20 м/с, күндіз 15-20,  кей жерлерде 23-28, екпіні 30 м/с-ға дейін күшейеді.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28  м/с; Жамбыл облысының оңтүстік-батысында 30 м/с және одан да асады.

Павлодар облысының басым бөлігінде  желдің жылдамдығы 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с-ға жетеді, кей жерлерде тұман күтіледі.

Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, Қарағанды облысында кей уақыттарда епкіні 25 м/с жетеді. Ақмола, Шығыс Қазакстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с-ға дейін күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Батыс Қазақстан, Ақтобе, күндіз Алматы облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір