• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 10:35:48
Алматы
+35°

05 Наурыз, 2019 Тарих

Бүгін Алаш көсемі - Әлихан Бөкейханның туған күні

Жер десе дірілдемей болмайды: жер мәселесі – өмір сүру мәселесінің зоры.

Бүгінгі Алаш қозғалысының көсемі Әлихан Бөкейханның туған күнінің құрметіне Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқырмандар назарына тарихи тұлғаның қанатты сөздерін ұсынады.

 

Жантебіреніс: Азаттық таңы атты! Тілекке құдай жеткізді! Күні кеше құл едік - енді бүгін теңелдік!

***

Білім - біліммен, мінез - мінезбен. Көп оқыса, зейінді болса - білімді болмақ, ал мінезі жақсы бола ма әлде жаман бола ма - мұны құдай біледі.

***

Нағыз түрік затты халық тілі – біздің қазақта.

***

Бұл заманда жылап мұратқа жетем деу - аш түйенің күйсеуі сыңды дәрменсіздік.

***

Талас-тартыс жоқ болса, өмір абақтыға айналар еді.  

***

Ақылға саңыраулық та – айып.  

***

Жапонда кісі қажетіне жаратылмаған алақандай жер жоқ. Онда мұндай ыждаһатты жанкештілік болмаса аштан өлесің.

***

Бұл болып тұрған заман - Алаштың азаматына зор жүк.

***

Тіршілік-ғұмыр белгісі - алыс-тартыс, арбау-әдіс.

***

Алыспаған, жұлыспаған бостандық атына мінбейді, бұғаудан босамайды, ер құлдықтан, әйел күңдіктен шықпайды, малына да, басына да ие болмайды!

***

Болғаннан – қашпа, болмағанға – саспа.

***

Жұрт әділ болмай, жұрт ісі оңға баспайды.  

***

Жер дауы - тәмам бес миллион қазақ дауы.

***

Түзу қалам - қисайған, өткір қалам - мүжілген заман.

***

Өзіне-өзі қасқырша шауып отырған жұртта оқу-өнер болмайды.

***

Бостандыққа апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ қана.  

***

Ақылды сөз қылмақ қиын, ақылды сөзді ақылды іс қылмақ одан да қиын.  

***

Болғаннан – қашпа, болмағанға – саспа.  

***

Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден.  

***

Көзі соқырдан, көңілі соқыр жаман.  

***

Елдің тұрмысын, тілін, мінезін білмеген кісі көш басын да алып жүре алмайды.  

***

Жұртқа әділ би пайдалы, көпке сүйенген, көп сөзін тындаған, билігін орнына жұмсайтын, арам жемейтін, іс білетін, ел мүддесін ашық қорғай алатын болыс пайдалы.

***

Тіршілік – бәйге: жүйрік алар, шабан қалар. 

***

Шыңғыс хан дүниені алды - артында түк белгі қалған жоқ. Ақсақ Темір дүниені алмаса да - артында Самарқанд, мешіт, медреседей белгі қалды. Шыңғыс - көшпелі, Ақсақ Темір - отырықшы.

***

Еріншек пен езге жол, бәйге, сыбаға, мүше жоқ.  

***

Өз күшіне сенбеген халық та, адам да ешқашан өмір бәйгесін ала алмайды.  

***

Өзің түйеден өткен жетекшіл болсаң, саған ақыл не керек?!  

***

Би түзу, билік әділ болсын.  

***

Мақаланы қалам өзі тілегенде жазса, сөз кестелі болады. 

***

Жер десе дірілдемей болмайды: жер мәселесі – өмір сүру мәселесінің зоры.  

***

Мансапқұмар елі – кемелдікке жетпеген ел.  

***

Заң адам пайдасына жазылады, адам заң үшін тумайды ғой.  

***

Еуропа мәдениеттімін деп мақтанғанымен, мәдениеті өнерінде ғана, ал мінезі хайуандық сапарынан қайтқан жоқ.  

***

Адам баласы – нәпсінің құлы: маңдайы тасқа тимей тоқтамайды.

***

Жанайқай: қазақтың оқыған азаматтары, қазаққа осындайда қызмет етпегенде қашан қызмет етіп пайдамызды тигіземіз?!

 

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (5 наурыз 1866, Қарқаралы уезі, Семей облысы, Дала Өлкесі — 27 қыркүйек 1937, Мәскеу) — XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы. 

Жинақтап, ұсынған: Мақпал Сембай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір