• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 12:02:34
Алматы
+35°

12 Қазан, 2018 Әлем

Борис Немцов путиндік Ресейдің бүгіні жайлы 10 жыл бұрын болжап кеткен (видео)

Осыдан он жыл бұрын ресейлік саясаткер Олег Немцовтің Ресейдің бүгінгі жағдайы жайында айтып кеткен видеосы әлеуметтік желіде таралды.

Осыдан он жыл бұрын ресейлік саясаткер Борис Немцовтің Ресейдің бүгінгі жағдайы жайында айтып кеткен видеосы әлеуметтік желіде таралды. 2015 жылы оппозиционер Кремльге жақын тұста адам қолынан қаза тапқан еді. Ал тірі болса, бүгін, 12 қазанда 59 жасқа толар еді. Немцов айтқан бүгінгі Ресейдің мәтіні төмендегідей:

«Ресей – Америка емес. Путин өзін Ақ үйде отырғандай сезінеді. Барып тұрған ақымақтық. Бұл ақымақтығының, қателігінің түбі неге әкеліп соғады? Біріншіден: қару. Бүгінде Ресей қаруға 40 млрд доллар жұмсап отыр. Бұл мемлекеттік бюджеттің 20 пайызын құрайды. Ақшаны кімнен алады? Зейнеткерлерден, мұғалімдерден, дәрігерлерден. Осылайша, Ресейдің ең басты мәселесі – кедейшілікке әкеп соғады. Менің анам 100 еуро зейнетақы алады, пәтерақы үшін 70 еуро төлесе, 30 күнде 1 еуродан жұмсауы тиіс болады. Ол уақытта Путин қару шығарумен айналысып жатады. Әрине, мен анама көмектесемін, бар жағдайын жасаймын. Бірақ анам секілді 38 миллион адам бар. 25 миллион адам күніне 2 долларға өмір сүріп жатыр. 25 миллион. Путин танкілер мен зымырандар жасайды, бұл анық. Екіншіден, халықаралық изоляция. Ресей «үлкен жетіліктің» құрамынан шығады, ЕО мен Ресей арасында үлкен қиындықтар туындайды. Сенімдімін. Санкциялар болады. Бизнес. Батыс ресейлің бизнеске араласудан қалады. Олар ресейлік кез келген бизнес көзін саясат деп түсінетін болады. Мәселен, «Газпром». Ресей арасында ғаламшардың өзге адамдарына деген мейірім азайып, жек көрушілік қасиет үдейтін болады. Авторитарлық, диктаторлық тенденциялар күшейетін болады. Бұл анық».

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір