• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:21:07
Алматы
+35°

01 Қараша, 2018 Ғылым-білім

Болашақтықтардың ел алдындағы міндеті һәм түлектерге шетелде қалуға рұқсат беру арқылы не ұтамыз?

Біз кәсіпкерлерді қолдау туралы айтқанда бірден Қазақстандағы стартаперлар  еске түсіреміз. Алайда шетелдік нарықта жұмыс істеп жүргендерді ойға да алмаймыз.

Бағдат Мусиннің ойынша «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде оқып жатқан студенттерге шетелде қалуға рұқсат беру керек, деп жазды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Шетелде қалғысы келетін болашақтықтар біздің елшілікпен байланыста болу керек, яғни қайда жұмыс істейтінін айтуы тиіс. Жоғары технологиялық компанияда жұмыс істесе оны елге қайтып әкеліп 5 жылға Қазақстанға байлаудың қажет қанша?», - дейді Бағдат Мусин.

12 қазанда өткен қазақстандық технологиялық форумда Бағдат Мусин «Болашақ» бағдарламасының мақсаты - интеллектуалдық деңгейі жоғары ұрпақ құру екенін атап өтті.

«Америкалық үздік ЖОО-да оқып келгеннен кейін елде жұмысқа орналасады. Онда олардың қанатын қайырып, қатып қалған шеңберден шығармайды. Одан жақсы нәтижеге жете алмаймыз. Шетелде жұмыс істеп көру үшін мүмкіндік беруіміз керек. Ол жерден қандай да болсын идеямен келеді немесе бізге көмектесетін және қазақстандықтарға үлгі болатын еншілес ұйым құрады», - деді Мусин.

Ол шетелде жетістікке жетуге талпынып жүрген қазақтарды білетінін атап өтті.

«Біз кәсіпкерлерді қолдау туралы айтқанда бірден Қазақстандағы стартаперларды еске түсіреміз. Ал шетелдік нарықта жұмыс істеп жүргендерді ойға да алмаймыз. Менің айтпағым, шетелде еңбек етіп жүргендерге көмектесетін және шетелде Астана Халықаралық қаржы орталығы түріндегі қолдау бар екенін, онда тіркелген өз компанияң болуы мүмкін екенін түсіндіретін шетел мен түрлі экожүйеде диджитал-елшілік құру. Оның Дэлаверадан ешқандай айырмашылығы болмауы керек», - дейді Мусин.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір