• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:52:42
Алматы
+35°

20 Мамыр, 2019

"Бізді пайдаланды": Ержан Максимнің анасы мәлімдеме жасады (видео)

Ал анасы бұл сөздің екінші мағынасы барын кейін білгенін айтты.

"Голос дети" байқауынан кейін Ержан Максим мен Микелла Абрамова провокациялық роликке түседі. Ержан Максимнің анасы қызу талқыға түскен жарнамалық роликке байланысты мәлімдеме жасады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі gazeta.ru сайтының дерегін негізге алып. 

Аталмыш жарнамалық роликте Ержан Максим "Памяти Крузо" әнін орындайды. Сондай-ақ жарнамалық роликті Ержан Максим "тағы да екінші ме" деген сөзбен аяқтаған. Бұл сөзді әлеуметтік желі қолданушылары қызу талқылаған болатын. Себебі Ержан Максим "Голос дети" бағдарламасына 2- орын алған еді. Көптеген желі қолданушылары бұл жарнамалық ролик ресейлік байқауды мазақ қылу деп түсінді. 

Ал анасы бұл сөздің екінші мағынасы барын кейін білгенін айтты. 

"Бізге сценарийді бір күн бұрын ғана берді. Біз оны қарап, дұрыстап дайындалмадық. Себебі қарбалас жұмыстар болды. Қатты шаршаған едік. Тек түсірілім алаңына барған кезде біз олардың айтқанын дәлме-дәл қайталадық. Соңғы сөздің екі түрлі мағынасы барын кейін ғана түсіндік", - дейді Гүлмира Әлібек. 

Кейін Гүлмира Әлібек режиссерге хабарласып, ұлын өз мақсатына пайдаланғанын айтып, ренішін білдіреді. Ал режиссер болса өкінетінін айтқан. 

Аударған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір