• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:25:48
Алматы
+35°

19 Сәуір, 2018 Оқиғалар

Бір отбасының жеті мүшесі ДАИШ-қа қосылмақ болды деп сотталды

71 жастағы әже ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Тәжікстанның Соғды облысында ДАИШ террористік тобына қосылмақ болды деген айыппен 71 жастағы әже ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Соғды облыстық соты Исфар ауданындағы отбасы мүшелерін террористік ұйымға қосылмақ болды деген айыппен кінәлі деп тапты. Олардың бәрі былтыр жыл соңында түрік-сирия шекарасында ұсталған.

Отбасының отанасы 71 жастағы Мавлюда Насриддинова 12 жылға, оның 47 жастағы ұлы Баходур Насриддинов 17 жылға, 25 жастағы ұлы Хайдархон Насриддинов пен отбасының күйеу баласы Насруллохон Абдувалиев (Фарзона Насриддинованың күйеуі) 12.5 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Ал Фарзона Насриддинова мен отбасының жақын туыстары Шохина және Мушохирахон Нуриллаевтар 12 жылға сотталған.

Отбасының екі мүшесі 16 жастағы Маьрифат Насриддинова кәмелеттік жасқа толмауына байланысты және 24 жастағы Шохида Нуриллаеваның ақыл-есінің кемдігіне байланысты жазадан босатылған.

«Олар бәрі 29 адам болатын – бір үлкен отбасы. Олар Сирияға үш шағын автобуспен кеткен. Екі автобустың жолаушылары түрік-сирия шекарасынан өтіп кеткен. Ал үшіншісі автобустағы тоғыз адам шекарада ұсталған», - деген тергеу ісіне қатысы бар дереккөз.

Сот барысында олар Сирияға «жихадқа» бармақ болғанын мойындаған. Өз елінде діни бостандықтарына тыйым салатынын мәлімдеген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір