• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 14:01:26
Алматы
+35°

27 Сәуір, 2019

Білім саласын талқылаған іргелі форум

Форумға 140 -қа жуық білім беру ұйымдарының мамандары қатысты.

"Өрлеу" БАҰО АҚФ ҚР ББЖ ҚБАРИ базасында "ХХІ ғасырдағы ересектерге білім беру: заманауи үрдістер" тақырыбында Ресей, Қырғызстанның білім беру саласы ғалымдары, республиканың біліктілікті арттыру институттарының басшылары мен профессор-оқытушылық құрамы, облыстық (қалалық) білім басқармасының мамандары, ЖОО, техникалық және кәсіптік білім беру, жалпы білім беретін мектеп, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары басшылары мен педагог кадрларының қатысуымен республикалық форум өтті. Форумға 140 -қа жуық білім беру ұйымдарының мамандары қатысты.

Форумның мақсаты Қазақстан Республикасында педагогикалық қызметкерлерге қосымша кәсіби білім беру жүйесінде педагогтердің кәсіби құзыреттілігін, әлеуметтік беделін арттыру және қосымша кәсіби білім беру жүйесінің мәселелері, даму болашағы мен білім беру бағдарламаларын жүзеге асырудың тиімді практикалық тәжірибесін көрсету болды.

Іс- шараны "Өрлеу" БАҰО АҚ Басқарма төрайымы, педагогика ғылымының докторы, профессор Гульнас Кенжетайқызы Ахметова  кіріспе сөзімен ашып, бүгінгі шараның XXI ғасырдағы ересектерге білім берудегі заманауи сын-қатерлер мен трендтерді анықтауда маңызды екендігін атап айтты.

ББЖ ҚБАРИ директоры,  педагогика ғылымының докторы,  профессор Жансәуле Әлиқызы Мақатова форумның жұмыс кестесі мен спикерлерді таныстырып, табысты нәтиже тіледі.

Форумның алғашқы баяндамасында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Қолданбалы лингвистика бөлімінің меңгерушісі, профессор А.А Жаңабекова қазақ жазуын латын қарпіне көшірудің алғышарттарын атап, бүгінде жүргізіліп жатқан шаралармен таныстырды. Мәскеу қаласы «Кәсіби қосымша білім беру ғылыми-зерттеу институтының» ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Л.О. Андропова  заманауи қажеттіліктерге сай қашықтықтан оқыту форматында педагогтердің біліктілігін арттырудың инновациялық технологияларын таныстырып, тәжірибесімен бөлісті.

Қырғыз Республикасының кәсіби қосымша білім берудегі тәжірибесі мен даму болашағы туралы Қырғызстандағы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау республикалық институтының ғылыми хатшысы А. Б. Элебесова баяндама жасады.  Мемлекеттік емес білім беру ұйымдарының Республикалық Ассоциациясының  төрайымы, "Zerdesh"   зияткерлік мектебінің директоры  Р. Ш. Садықова  Қазақстан Республикасы білім беру жүйесіндегі табысты өзара ынтымақтастық пен шығармашылық жасау тәжірибесімен бөлісті. ҚР педагогикалық ЖОО қосымша білім берудің мәселелері жайында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Біліктілікті арттыру және қашықтықтан білім беру институтының директоры А.А Семченко  сөз сөйледі.

ISO 9001 — Білім беру сапасы менеджментін басқарудың  халықаралық ережелері мен сала жаңалықтарымен «Сапа менеджменті қазақ академиясының» Президенті, т.ғ.д., профессор В.И Соловьев., ҚР инклюзивті білім беру жағдайында ата-аналардың дайындығы және әлеуметтік-психологиялық рөлі жайында ҚР Педагогикалық ғылымдар академиясының мүшесі, психология ғылымдарының докторы, профессор Р.  Б. Каримова бөлісті. ХХІ ғасырдағы адами капиталды дамытудың өзекті мәселелерін EDTECH білім беру орталығының директоры, PhD докторы Ғ.  Б. Бейсембаев қозғады. Inventive робот техникасы академиясының директоры, BOZBALA робот техникасы жиынтығының негізін қалаушы Д.  Т.  Рахатов Қазақстандағы білім беру робот техникасының даму болашағы мәселесіне тоқталды. Сонымен қатар, форумда STEM-білім беру: мәселелері және болашағы, Қазақстан Республикасында педагогтардың біліктілігін арттыру жүйесінің заманауи тренді қарастырылды. 

Қорыта айтқанда, Республикалық форум білім беру саласындағы көшбасшыларды біріктірді, Жаңа форматтағы педагогтардың біліктілігін үздіксіз арттырудың жаңа моделінің мәнін ашуға мүмкіндік берді, XXI ғасырдағы ересектерге білім берудегі заманауи трендтерін анықтап, болашағын айқындады.

Ағима Маханбетова,

"Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасының"

меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір