• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 21:40:28
Алматы
+35°

05 Наурыз, 2019

Бес жасар ақтөбелік Əсемгүлдің ата-анасы табылды

Заңды өкілдерінің болмауы себебінен қыз бала "Аяла" өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына уақытша орналастырылды.

Қамқоршылық органы төрт жыл бойы басқа отбасында тәрбиеленіп келген бес жасар Әсемгүл Оразыметтің ата-анасын тапты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі  Ақтөбе облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Білім басқармасының мәліметінше, 2015 жылдың тамыз айында анасы қызын күтушісі Фотекса Марианаға қалдырады. Осы уақытқа дейін қыз бала  оның отбасында тәрбиеленеді. Мариана тұрмыста, 3 ұл тәрбиелеп отыр, олардың екеуі ересек.

«Қыздың анасы Астанада тұрып жатқандығы анықталды. Алматы ауданының қалалық білім бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық органы Астана қаласы білім бөліміне сұраныс жолдады. Телефон арқылы сөйлесу барысында әйел төрт жыл бұрын отбасы жағдайына байланысты қызын күтушіге қалдыруға мәжбүр болғанын айтқан. Қыздың әкесі де Астанада тұрады. Пірманова Әсел осы аптаның ішінде баланы отбасына алып кететінін жеткізді» - деп түсініктеме берген  білім басқармасы Оразымет Әсемгүлді отбасына қайтару мәселесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қатаң шешілетіндігін атап өтті.

Заңды өкілдерінің болмауы себебінен қыз бала "Аяла" өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына уақытша орналастырылды. Қызбен психологтар жұмыс істеуде.

Ұсынған: Мақпал Сембай

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір