• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 02:07:52
Алматы
+35°

09 Қазан, 2018 NEWS

Бес айдың ішінде Моңғолия-Қазақстан тауар айналымы 28,8 млн долларға жетті

Миссия барысында екі елдің бизнес қоғамдастықтары инвестиция,  логистика және сауда салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың ...

Биылғы жылдың бес айында Қазақстан мен Моңғолия тауар айналымы $28,8 млн-ға жетті, оның ішінде экспорт $28 млн-ды құрайды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстан Моңғолияға темекі өнімдері мен рапс тұқымын ең басты жеткізушілердің бірі болып табылады, тек 2017 жылдың өзінде осы елге 25 млн АҚШ доллардан астам сомаға тауар жеткізді, деп мәлімдеді Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының баспасөз қызметі.

Қазақстан Моңғолия

Енді моңғолиялық компаниялар Қазақстаннан ауылшаруашылық өнімдерін, кондитерлік бұйымдарды және құрылыс материалдарын импорттауға қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы тараптар қазанның басында Ұлан-Баторда  өткен еліміздің сауда-экономикалық миссиясы барысында уағдаласты. Миссияны ұйымдастырушылар ҚР Инвестиция және даму министрлігі,  Моңғолиядағы Қазақстанның Елшілігі, «Атамекен» ҰКП, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы және Моңғолияның Ұлттық сауда-өнеркәсіп палатасы болып табылады.

Қазақстандық делегация негізінен тамақ өнеркәсібі өкілдерінен,  атап айтқанда,  кондитерлік бұйымдарды және май өнімдерін, сондай-ақ құрылыс индустриясын өндірушілерден тұрды.  Моңғолдық тараптан 40-тан астам компаниялар қатысты.

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының басқарма төрағасының орынбасары Нұралы Бөкейханов миссияға қатысушыларға сәлем жолдай отырып, екі елдің арасындағы экономикалық ынтымақтастық едәуір тығыз байланыстарға ұласқанын атап өтті.

«Моңғолия, дамушы экономикасы бар ел бола отырып, инфрақұрылым,  энергетика, сондай-ақ білім мен мәдениет салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытудың зор перспективаларына ие. Елдеріміздің арасындағы сауда-саттық байланыстары нығая түсуде. Кәсіпкерлік қоғамдастық түрлі салалардағы бұрыннан келе жатқан және жаңа байланыстарды нығайтуда», - деді Н. Бөкейханов.

Екі ел арасындағы тауар айналымы 2017 жылы 74,8 млн АҚШ долларын құрады, оның ішінде 72,5 млн доллар – Қазақстанның Моңғолияға экспорты. Биылғы жылдың бес айында тауар айналымы 28,8 млн долларға жетті, оның ішінде экспорт 28 млн доллар. Темекі мен рапс тұқымынан басқа Қазақстан Моңғолияға ұн өнімдерін, гигиеналық және жуу құралдарын жеткізеді.

«Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы екі елдің кәсіпкерлік қоғамдастықтарының арасындағы ынтымақтастықты дамыту үшін келіссөздерге арналған алаң ұсына отырып, осындай іс- шараларды ұйымдастырады.  Сондай-ақ біз моңғолдық бизнесмендерге Қазақстан аумағындағы барлық салалар бойынша сенімді әрі адал ниетті серіктестер табуға көмек көрсете аламыз», - деді Н. Бөкейханов кездесу иелеріне қарата айтқан сөзінде.

Миссия барысында екі елдің бизнес қоғамдастықтары инвестиция,  логистика және сауда салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективалық мәселелерін талқылады.

Атап өткен шара барысында «Баян Сұлу» және «Eurasian Foods Corporation» компаниялары кондитерлік және май өнімдерін жеткізу туралы дистрибьютерлік келісім жасады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір