• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 18:48:27
Алматы
+35°

20 Наурыз, 2019 Айтты-ей, бауырың!

Бекболат Тілеухан: Бұл күннің болары анық еді...

Құлағыма сенбедім. Рас екен. Құлазып қалдым. Өзі айтпақшы, өмір заңы!

Бұл күннің болары анық еді. Алайда, бұндай жеделдікті күтпеппін. Жарық күндегі найзағайдай тосын жайт. Құлағыма сенбедім. Рас екен. Құлазып қалдым. Өзі айтпақшы, өмір заңы!

Зу етіп көз алдымнан ширек ғасырдан астам уақыттың тізбегі өте шықты. Қазақтың қатарға қосылып, байрақ көтерген бақытты шағы. Қандасын қарашаңыраққа қайтарған, Астанасын анықтап, шекарасын шегендеп, аузы аққа тиген бақытты шағы! 
Төрткүл дүниенің төрт бұрышына барса да, "Мен қазақпын" деген сөзді қаймықпай, қомсынбай айтатын дәрежеге жеткен бақытты шағы!
Жауын күйіндіріп, досын сүйіндірген мұнарадай мұнартқан шағы! 

Сол мұнараны қолымен қалаған қалаулы жан қараша халқына өкілеттігін өткізетінін айтты. Жүрегім шым етті. Толқып кеттім. О кісіден де толқу күттім. Селт етпеді! Алаштың алтын дәуірінің тұтқасы міз бақпады. Бейне Астанадан Алматыға ұшқан жолаушыдай алаңсыз. Неткен темір жүйке! Неткен мәрттік!

Алаштың азанын жаңғыртып, қазанын майлаған асыл тұлға алаңсыз сөйлеп отыр. Сол маңғаз, сол текті қалпы!
Тағы таңғалдым. Иә, тағы таңғалдым. Отыз жыл ел басқарғанда, қандай қадам жасарын жатқа да, жақынға да болжатпаған сарабдал қалпынан танбай сөйледі. Сұңғылаға да, сұрқияға да сыр алдырмастан тағын тапсырды. Тарих-шалдың өзі таң қалғандай.

Үйрене жүріп үйреткен, үйрете жүріп үйренген, албыртты ауыздықтап, салғыртты қамшылап, ақсақалдың ақылына, жастың жалынына, елдің сабырына сүйене жүріп, қазағын шыңға бастаған бейбіт те берекелі отыз жыл отыз күндей болмай өте шығыпты. Ат төбеліндей өз елі түгілі, алпауыт өзге елдің көсемдері кеңесіне жүгініп, ара ағайындыққа салса, ақылының асқандығы да! Жұрты қимаса, қадірінің асқандығы да! Алаштың алғысы айрықша өзіңе, асыл тұлға Нұр-ағам!

Бекболат Тілеуханның фейсбук парақшасынан алынған

Ұсынған: Әсел Болатқызы

Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір