• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:36:38
Алматы
+35°

12 Қазан, 2018 NEWS

Байқоңырдан ұшырылған "Союз" кемесінде төтенше жағдай орын алды (видео)

11 қазан күні Байқоңыр айлағынан ұшырылған "Союз" ғарыш кемесінен ақау шықты

11 қазан күні Байқоңыр айлағынан ұшырылған "Союз" ғарыш кемесінен ақау шықты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  "Роскосмостың" мәліметіне сүйенсек, кемеде төтенше жағдай орын алған.

Байқоңырда зымыран ұшыру кезінде апат болған "Союз МС-10" зымыран-тасығышының экипажын іздеу мақсатында Жезқазған, Байқоңыр және Қарағанды аэродромдарынан Ми-8 тікұшақтары ұшып шықты.

Ресейлік ria.ru сайтының дерегіне сүйенсек, ғарыш кемесі ұшырылған соң зымыран тасығыштың двигателінен ақау шығыпты. Экипаж отырған капсула одан ажырап, "баллистикалық төмен бағыт алу режимімен" Жерге қайта бет алған. Ал экипаж Жезқазғаннан 25 шақырым жерге қонып, 15 минуттан соң оларға құтқарушылар мен дәрігерлер жеткен. Экипаж мүшелері аман, ешқандай жарақат алмаған. Экипаж қонған аймаққа "Роскосмостың" бас директоры Дмитрий Рогозин де ұшып кеткен.

“Кеме экипажындағы адамдар тірі әрі байланысқа шықты. Құтқарушылар Алексей Овчинин мен Ник Хейгті іздеп, эвакуациялау үшін бара жатыр” деп мәлімдеме жасады.

Байқоңыр

"Роскосмос" агенттігі Халықаралық ғарыш станциясына бет алған “Союз МС-10” кемесінде штаттан тыс жағдай болғанын хабарлады. Агенттіктің дерегінше, авариялық құтқару жүйесі іске қосылып, экипаж мүшелері Қазақстан аумағындағы ұшу трассасына қонған.

Байқоңыр

Ол Twitter-де "Аварияның себебін анықтау үшін мемлекеттік комиссия құрылды. Ол жұмысына кірісіп те кетті. Телеметрия зерттеліп жатыр. Құтқару қызметі аварияның алғашқы сәтінен бастап жұмыс істеп жатыр. "Союз-МС" кемесінің авариялық құтқару жүйесі штатты жағдайда іске қосылған. Экипаж құтқарылды" деп жазды

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір