• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 09:02:31
Алматы
+35°

13 Ақпан, 2019 NEWS

Батырхан Шүкеновті "Ауған соғысының ардагері" медалімен марапаттамақ

Қазақтың белгілі әншісі, композитор Батырхан Шүкеновтің естелік медалі оның анасына табысталады

Қазақтың белгілі әншісі, композитор Батырхан Шүкеновтің естелік медалі оның анасына табысталады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"15 ақпан күні сағат 13:00-де «Қазақстан» орталық концерт залында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, атақты әнші және композитор Батырхан Шүкеновтің «Ауған соғысының ардагері», «Кеңес Одағы әскерінің Ауған жерінен шығарылуының 30 жылдығына орай» естелік медальдарының тапсырылу салтанаты өтеді.

Естелік медальдар Кеңес Одағы әскерінің Ауған жерінен шығарылуының 30 жылдығына орай арнайы тапсырыспен әзірленген. Медальмен әскери қызметкерлерге ғана емес, соғыс алаңында қызмет еткен азаматтар да марапатталған. 80-жылдардың екінші жартысында Батырхан Шүкенов жауынгерлердің рухын көтеру мақсатында концерт бригадасымен Ауған жерінде өнер көрсеткен. Бірақ әншінің тығыз гастрольдік кестесіне байланысты аталмыш медальдар уақытылы иесіне табысталмай қалған. Осыған байланысты, естелік медальдар ұзақ жылдар бойы Орталық мемлекеттік архивте сақталған" - делінген хабарламада.

Белгілі болғанындай, өзінің шығармашылық жолын «Қазақконцерт» гастролдік концерттік бірлестігінде бастаған Батырхан Шүкеновтің медальы ұзақ жылдар бойы орталық мемлекеттік архивте сақталған. Ал, қаңтар айында Елордамыздағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Ж.Сейдуллаұлына тапсырылды. Енді анасы Диляра Ибрагимқызы Шукеноваға салтанатты түрде  табысталмақ.  

Дөңгелек үстел форматында өтетін іс-шарада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, атақты әнші және композитор Батырхан Шүкеновтің шығармашылығын еске алып, әншінің анасынан эксклюзивті сұхбат алу мүмкіндігі туып отыр. Іс-шара барысында «Қазақконцерттің» артистері Батырхан Шүкеновтің әндерін жанды дауыста шырқайды.  

Ұсынған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір