• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:42:21
Алматы
+35°

17 Мамыр, 2019 Оқиғалар

Баннер үшін сотталған Бейбарыс Толымбеков әскерге аттанды

Бейбарыс Толымбеков әскери борышын Жамбыл облысындағы Отар әскери гарнизонында өтейтінін айтқан

Баннер үшін 15 күнге сотталған Бейбарыс Толымбеков әскерге кетті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Vlast.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Vlast.kz сайтының тілшісіне сұхбат берген Бейбарыс Толымбеков әскери борышын Жамбыл облысындағы Отар әскери гарнизонында өтейтінін айтқан.

"Отарға апара жатыр, форма кигізді. Сіздерді кіргізбеген сияқты? Қай әскери бөлімге баратынымнан бейхабармын. Сержанттарды даярлайтын бөлімше деп жатыр" - деген Толымбеков.

Естеріңізге сала кетейік, 21 сәуірде Алматы марафонында Әсия Тулесова мен Бейбарыс Толымбеков көшеге "Шындықтан қашып құтыла алмайсың», "Әділ сайлау үшін" және "Менің өз таңдауым бар" деген баннермен шыққан. Оларды полиция қызметкерлері жедел ұстап, 15 күнге сотталған болатын. 14 күннен кейін Әсия мен Бейбарыс денсаулығына байланысты мерзімінен бұрын босатылған. Бұл жағдай желіде көптеген қазақстандықтардың наразылығын тудырып, әлеуметтік желі қолданушылары банер үшін абақтыға жабылған жастарға қолдау көрсеткен еді.

 

Ұсынған: Мият Кәшібай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір