• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 15:20:05
Алматы
+35°

Банкротқа ұшыраған "Астана" банкінің салымшыларына 26 қаңтардан бастап өтемақы төленеді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі kaztag.kz сайтының дерегін негізге алып. 

"Астана банкінің салымшыларынан арыз қабылдау және өтемақы төлеу 26 қаңтардан басталады. Салымшыларға «Еуразиялық банк» АҚ барлық бөлімшелері мен филиалдарында қызмет көрсетіледі. Өтемақы төлеу 26  шілдеге дейін жалғасатын болады",— деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі. 

Сондай ақ салымшылардың арызы 26 қаңтарға дейін қабылданбайды. 26 шілдеге дейін үлгермеген салымшылар ақшасын Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорынан ала алады. «Еуразиялық банк» АҚ  салымшылардың ақшасын тек теңгемен қайтарады.

Еске салсақ, биылғы жылдың 9-қаңтарында алматылық сот «Астана Банкін» жою туралы шешімнің өз күшінде екенін мәлімдеді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір