• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 11:16:34
Алматы
+35°

13 Ақпан, 2019 Экономика

Банк ВТБ бизнесмендерге қолдау көрсетпек

Бизнесмендерге номиналды сыйақы мөлшерлемесімен жылдық 8,5%-ға дейін жеңілдікті кредиттер беретін болады.

Банк ВТБ (Қазақстан) «Астана Бизнес 2» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлерді қаржыландыруды бастайды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Банк Даму Қоры және Астана әкімдігімен «Астана Бизнес 2» Астана қаласының шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін өңірлік қаржыландыру бағдарламасына 300 млн теңге сома көлемінде қатысуы туралы кредиттік келісімге қол қойды, оның 100 млн теңгесі қалалық әкімдікпен, ал 200 млн теңгесі Қормен бөлінді.

Осы бағдарлама аясында Банк ВТБ (Қазақстан) елорданың ісін жаңа бастаған және ісі жүріп тұрған бизнесмендерге номиналды сыйақы мөлшерлемесімен жылдық 8,5%-ға дейін жеңілдікті кредиттер беретін болады.

-Банк ВТБ (Қазақстан) «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен бірлесіп ШОБ секторына елеулі қолдау көрсететін көптеген жобаларды жүзеге асырды, - дейді Банк ВТБ (Қазақстан) Басқармасының Төрағасы Дмитрий Забелло.

-2017 жылы біз «Астана-бизнес» бірінші бағдарламасы аясында елордалық бизнесті
қаржыландыруға банкке бөлінген қаражатты табысты игердік. Жалпы сомасы 200 млн. теңгеге жеті клиент қаржыландырылды. Бұған дейін біз басым салаларды дамытуға ғана кредит бере алдық, «Астана Бизнес 2» бағдарламасы аясында мұндай шектеулер жоқ, - деді Забелло.

Нарықта үш жылдан астам жұмыс істейтін кәсіпкерлер Банк ВТБ (Қазақстан)-нан «Астана бизнес 2» бағдарламасы бойынша ең жоғары сомасы 100 млн теңгеге дейін; үш жылдан бері тіркелген ісін жаңа бастаған бизнесмендердің – 50 млн теңгеге дейін кредит алуына мүмкіндіктері болады.

Айта кетейік, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – ВТБ халықаралық қаржы тобына кіреді. Банк 9 жылдан астам уақыт Қазақстанның қаржы нарығында жұмыс істеп келеді. Бүгінгі таңда Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ еліміздің барлық өңірлерінде орналасқан 17 филиалдан тұратын филиалдық желісі бар. S&P Global Ratings деректері бойынша ВТБ (Қазақстан) Қазақстанның барлық ЕДБ арасында ең жоғары кредиттік рейтингке ие болып отыр. Банктің Орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №1.2.14/39 ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір