• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:15:31
Алматы
+35°

01 Қаңтар, 2019 NEWS

"Бала-шағасы үшін таксист болып жүрген бейшара жүргізушінің жанұясын мұнда ұмыт қалдырған"

Үш адамды өлтіріп, анасыз, әкесіз қалған хайуанға ату жазасы берілсін... Заң бойынша ең қатал жазасын алсын!

Актриса Шолпан Елгезекованы бүгін ақтық сапарға шығарып салды. Бұл жайында әлеуметтік желі қолданушысы Мұрат Иманбек Facebook желісінде жазды. 

Әлеуметтік желі қолданушысы актриса қаза тапқан жол апаты жайында айта келіп, оған себепкер жүргізушіге ең қатал жазаны сұрауда.

"Ассалаумағалейкум, арда ағайын! Танымал актриса Шолпан Елгезекова көлік апатынан қайтыс болыпты деген оқыс хабар ашық күнде төбемізден түскен найзағайдай әсер етті. Жалма жан әлеуметтік желілерді ақтарып қалай болғанын аңғаруға, түсініп білуге талпындық. Бүгін ертемен ұққанымыз апатты жағдайға себепкерге қатысты ҚР ҚК 345 статьясының 3 тармағы бойынша іс қозғалыпты (абайсызда көлік апатын жасап адам өлтіргені үшін бар болғаны 5 жыл). Бүгін сол Шолпан әкпемізді ақырғы сапарға шығарып салдық. Несін айтамыз, алды Астанадан, арты Қызылжардан көңіл айтып келген халықтың саны қара-құрым. Ауылымыздың, ауданымыздың ел-жұртынан бөлек, театр өнерінің майталмандары, эстрада саңлақтары да көп келіпті. Журналистер де біршама. Біршамасымен әңгіме сұхбат құрдық. Театр сахнасынан телевизиядағы ролдерге ауысқанына екі үш жыл өткеніне қарамастан, елдің еркесіне айналған біздің ауылдың қара көзі - Шолпан әпкеміздің алар асуы алда еді. Амал нешік, ажал арамыздан ерте әкетті, Алланың әмірімен шығар. Зар илеген ана мен баланың дауысын естігенде құйқам шымырлап, жылағандарға жақын тұруға дәтім бармады. Дегенмен айтар ойым басқада еді. Апаттық жағдайға кінәлі 85 жылғы дұңған ұлтының өкілі екен. Ішімдікке сылқыя тойып алған азғын 120 километр жылдамдықпен бағдаршамның қызылына өткен. Нәтижесінде үш адамды ажал құштырып, төртіншісін ауыр халде далада тастап тайып тұрған. Қалайша аңдаусызда болған көлік апаты? Қалайша 345 статьяның 3 тармағы? Әрине артынан танымал актрисаларды жазым қылғанын, оқиғаның жай ғана бітпейтінін естіп білген туыстары кешірім сұрап аяққа жығылуды бастады деп естідік. Дегенмен де, сол бала шағасының күн көрісі үшін таксилік қылып жүрген бейшара таксистің жанұясын мұнда да ұмыт қалдырған. Сонда қалай, ақшасы барлар басынғаны ма? Қате кеттің бе, кешірім сұрадың ба, алаламай неге барлығының алдынан өтпегенсің? Ол байқұстың сүйегін алуға ақша таппай жанұясы сандалып жүр! Былтыр Тен қайтыс болғанда артынан қуа жөнелген Тенді аңдаусызда пышақ ұрып өлтіріп алғанда қоғам өлім жазасын сұрап еді (ол қаніпезерледі қолдамаймын, заңға сәйкес жазасын алсын), қара көздеріңді, байқұс қаймана қазақты өлтіріп жатқанда қоғам үнсіздікпен отыр. Обалы не керек, қоғамымызға танымал бауырларымыздың арқасында назардан тыс қалмас, дегенмен араққа сылқыя тойып алып, қалтасындағы қаржысына сеніп, қаным қазақты еркін мертіктіргіштерге қыжылым бар дегенім аз айтқаным болар. Оу, неге абайсызда адам басты деп тек бес жылға барады? Онда да кешіріммен бостандыққа шығып кетер мүмкіндігі бар ғой. Үш адамды өлтіріп, анасыз, әкесіз қалған хайуанға ату жазасы берілсін... Заң бойынша ең қатал жазасын алсын!" - деп жазады желі қолданушысы.

Шолпан Елгезекова

Nazerke Labihan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір