• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 15:14:54
Алматы
+35°

20 Мамыр, 2019 Дін

Сириядан келген әйел өміріндегі сұмдық оқиғалар туралы айтып берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. "Жусан - 2" операциясымен елге оралған әйел бүгінде  құжаттарын реттеп, оңалту орталығында орналасқан. Қазіргі таңда психологтар мен дәрігерлердің бақылауында. 

22 жастағы Хадиша үшін емін-еркін серуендеу, ештеңеде қорықпау орындалмас арман болған. Ол 5 жылдан астам уақыт 2 баласымен Сирияда тұрды. Сондай-ақ ол мүлдем сыртқа шықпаған. Себебі, күйеуі оған көптеген шектеу қойыпты. Хадиша күйеуінің қайда жұмыс істеп, қалай ақша тапқанынан хабарсыз болған.

— Мен интернет арқылы бір жігітпен таныстым. Ол мені Сирияға шақырды. Сол жақта барлығы керемет екенін айтты. Сирияда барлығы мен қалағандай болатынын айтып, сендіре білді. Ал мен барған кезде күйеуім мені сыртқа шығармайтын. Себебі, менің не болып жатқанын білмеуім керек болды. Бірақ ол мені үнемі қадағалап отыра алмады. Кейін мен шындықты білдім. "Шын мәнісінде не болып жатқанын білгеннен кейін Сириядан қалай кетуге болады?" деген сұрақтың жауабын іздей бастадым, - дейді Сириядан келген әйел. 

Хадишаға үйге біреу-міреуді шақыруға, бөтен адамдармен сөйлесуге тыйым салынған. Оның міндетіне бала тәрбиесі мен үй шаруасы ғана кірді. 

—Ол менімен ажыраспады да. Ал "үйге қайтқым келеді, Қазақстанды сағындым" деген кезде "аузыңды жап" деп қысқа қайыратын. Сирияда барлығы мен ойлағандай болмады. Үш ұйықтасам, түсіме кірмейтін оқиғаларға тап болдым. Бұл тек белгілі бір адамдардың жоспары. Олар басқа адамдарды өзіне сендіріп, оларды қалағанынша басқарып, қалағанын істетеді , - дейді Хадиша. 

Хадиша күйеуі қайтыс болған соң тұтқыннан қашып шығуға мүмкіндігі болды. Террористердің құрығынан қашып құтылу оңай емесі белгілі. Қашу кезінде қолға түскен адамның басын шабатын болған. Тіпті қашу туралы ойлаған адамды жазалап отырған. Хадиша тәуекелге бел буып,  әскери тұтқындарға арналған лагерге дейін қашып құтылады. Кейін ол Қазақстанға әкелген ұшақты күтіп, елге оралады. 

Аударған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір