• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 13:26:16
Алматы
+35°

15 Ақпан, 2019

Ауғандардың тәуелсіздік символына айналған "көк көз ару" кім?

Расында, сурет ерекше еді. 1985 жылдың маусымында «National Gepgraphic» журналының басты басты бетінде пайда болды.

Фотограф Стив МакКари – заманымыздың ең мықты фотожурналисі.

1984 жылдың аяғында Стив МакКари Пәкістандағы ауған қашқындарының лагеріне сапарлайды. Ол жерде Стивке оқушыларды суретке түсіруге рұқсат береді. Ол қыз балаларды да суретке түсіру мүмкіндігіне ие болады. Соғыстың кішкентай құрбандарын суретке түсіріп жүріп, Стивтің көзі ұяң мінезді қызды шалады. Сөйтіп өзге оқушыларды суретке түсірді де, әлгі қыздың жанына барады. Қыз да қанша қысылып тұрса да өзін түсіруге рұқсат етеді. Стив мүмкіндікті пайдаланып қалды. Фотограф қыздың есімін де сұрамаған, "соғыстың мыңдаған балаларының бірі" деп қабылдады. «Бұл суретті түсірерде оның ерекшелігін мүлде байқамаппын», - деді бірнеше уақыт өтке соң фотограф.

Расында, сурет ерекше еді. 1985 жылдың маусымында фото «National Gepgraphic» журналының басты бетінде пайда болды. Содан кейін-ақ ауған халқының тәуелсіздік символына айналды. Соңғы 20 жылда «Ауған қызы» атты фото ғасыр фотосына айналды. Сурет өзге де журналдарда, плакаттарда шыға бастады. Тіпті кей күрескерлер осы суретті татуировка ретінде арқаларына салдырып алатын көрінеді. АҚШ Ұлттық географиялық қауымдастығының нұсқауына сәйкес, «Ауған қызы» әлемнің ең үздік 100 суретінің қатарына енді.

«Ауған қызының суретіне әлем қызығып отыр. Себебі ол суреттің ерекшелігі көп. Біріншіден, қыз өте сұлу. Екіншіден, жанарынан ерекше сезім байқайсың. Қобалжу да, тік мінез де, сенімділік те бар көзінде. Өзі кедей, бірақ оған шүкіршілік еткен көздерді көресің».

Бұл суреттің ерекшелігі сондай, тіпті Стив МакКаридің өзге суреттері дәл осылай бағаланбаған.

Суреттегі қыздың тағдыры ұзақ уақыттан бері жұмбақ болып келді. Тек 2002 жылы «National Gepgraphic» әкімшілігі экспедиция ұйымдастырып, «көк көзді аруды» іздестіруге кірісті. МакКари барған босқындар лагеріне барып, тұрғындарға қыздың суретін көрсетті. Арнайы экспедицияның бағы жанып, бір тұрғын суреттегі қызды таныды. Қыз тау маңындағы Тора-Бора үңгірінде тұрады екен. Ауыл тұрғыны қызды лагерге әкелу үшін үңгірге аттанып кетті. Арада үш күн өтеді, МакКаридің үміті үзіле бергенде, бөлмеге жас әйел кіріп келеді. Фотограф оны бірден таныды. «Осы қыз» деді жалындаған даусымен.

Әйелдің есімі – Шәрбат Гула. МакКаримен екінші кездескенінде жасы шамамен 28-31-де болды. Шын мәнісінде, оның жасын ешкім білмеді, тіпті Шәрбаттың өзі де. Соғыс басталған жылы ата-анасы бомба жарылысынан қаза тапты, босқындар тобымен қыз Пәкістанға жетті. 1984 жылы Назир-Багх лагеріне тап болады. Сол жерде МакКаримен кездесті. Әйел ол күнді есінде сақтап қалыпты, себебі өмірінде алғаш рет суретке түскен екен. Кейін тұрмысқа шығып, 4 қыздың анасы атанды. Оның бірі сәби күнінде шетінеп кеткен. Кедей тұрады. Шәрбаттың күйеуі наубайханада жұмыс істейді, күніне 1 доллар табады. Шәрбат бақытты болды ма? Жоқ, тағдыры мұңға толы екені жанарынан-ақ байқалатын.

МакКари мен әйелдің екінші кездесуі Шәрбаттың жолын ашты.

«Біз іздеу жұмыстарын жүргізгенде ақша туралы сөз болмаған. Алайда біз оның әйелі мен балаларына медициналық көмек көрсеттік. Әйелдің сұрауы бойынша тігін машинасын алып бердім, себебі Шәрбат қыздарына киім тігуді үйреткісі келген. Әрине, мұның бәрі суреттен жиналған қаржының жанында түк емес. Дегенмен, әйелдің өмірін жақсарта алатынымызға сенімді болдым», - деді Стив МакКари.

Суреттің әлем назарына іліккеніне Шәрбат ешқандай реакция танытпады. Тіпті адамдардың суреттен қандай ерекшелік байқағанын түсінбей дал болды. Тек адамдардың оның жыртық шәлісін көргеніне қапаланды.

Екінші кездесуі барысында фотограф Шәрбатты тағы бірнеше рет суретке түсіруге мүмкіндік алды. Ол суреттер де  «National Gepgraphic» журналынан бастап танымал журналдардың бетінде пайда болды. Бір суретінде 17 жыл бұрынғы болмысын қайталауға тырысты. Енді бірінде паранжасымен түсті. Алайда Шәрбат үшін бұл процесс қиынға соқты. Себебі 17 жылдан бері өзге еркектердің алдында бетін ашпақ түгілі, сөйлеспеген де екен.

Шарбат Гула

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір