• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 17:05:05
Алматы
+35°

21 Желтоқсан, 2017 Ұлы көш

Әуезовтің 120 жылдығына арналған «Қазақтың Ұлы жазушысы» атты кеш өтті

Жазушының туған күніне орай Алматы облысының Кербұлақ ауданындағы Нұрым ауылында Әуезов бағы ашылды

2017 жылғы 21 желтоқсанда ҚР Ұлттық кiтапханасының Н.Дәулетова атындағы залында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақтың кемеңгер жазушысы Мұхтар Әуезовтің 120 жылдығына арналған «Қазақтың Ұлы жазушысы» атты кеш өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Аталған іс-шара Рухани жаңғыру аясында Ұлы жазушының әдеби мұрасын зерттеп және  М. Әуезовтің шығармашылығын насихаттау мақсатында өткізілді. 

Мұрат Әуезов

Қазақстанның түкпір-түкпірінде жыл бойы  жазушының мерейтойына арналған түрлі іс-шаралар аталып өткізілді. Сонымен қатар, шет мемлекеттер − Қырғызстан, Түркия, Ресей, Өзбекстанда кең көлемде атап өтілді. ҚР Ұлттық кітапханасының төрінде өткізілетін бұл кеш – осы мерейтойлық жылды қорытындылайтын іс-шара, деп айтып өтті өз сөзінде Мұрат Әуезов. 

Айта кетсек, 2015 жылдан бастап «Мұхтар Әуезов әлемі» атты толықмәтінді электрондық кітапханасы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының сайтында орналасқан. Ақпараттық ресурстың негізгі мақсаты – Мұхтар Әуезовтің  әдеби мұрасына бірыңғай қолжетімділікті қамтамасыз ету, әлемдік және отандық қауымдастықтарды  қазақ классигінің шығармашылығымен таныстыру,  ұлы жазушының өмірі мен қызметі туралы білімдерін кеңейту.

Мұрат Әуезов

Жазушының туған күніне орай Алматы облысының Кербұлақ ауданындағы Нұрым ауылында «Әуезов» бағы ашылды.

Кеш барысында естелік-сұхбат, ашық әңгіме отырысы және Мұрат Әуезовтің «Времен связующая нить», «Ділім» атты жаңа кітаптарының тұсаукесері өтеді. Қос кітаптың тұсауын  Смағұл Елубай мен Бақытжан Қанапиянов кесті. 

Мұрат Әуезов

Кешке  Мұрат Әуезов, Смағұл Елубай, Дулат Исабеков, Бақытжан Қанапиянов, Сафар Абдулло, Марат Сембин, Диар Қонаев,  Светлана Ананьева және қоғам қайраткерлері, белгілі жазушылар, әдебиетшілер, жазушының туған - туыстары мен кітапхана қызметкерлері, оқырмандар мен БАҚ өкілдері қатысты. 

Aigerim Taubay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір