• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 07:20:58
Алматы
+35°

15 Қараша, 2017 Аймақтар

Атырау тұрғыны алып қашқан ақтөбелік қыздың қалай өлгені белгілі болды

Атыраулық жігіт алып қашқан ақтөбелік қыздың өлімі жөнінде туысқандары айтып берді. 19 жастағы Данара Каипова өз-өзіне қол жұмсаған.

Атыраулық жігіт алып қашқан ақтөбелік қыздың өлімі жөнінде туысқандары айтып берді. 19 жастағы Данара Каипова өз-өзіне қол жұмсаған екен. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі kazpress-ke сілтеме бере отырып жазады.

Қыздың күтпеген жағдайда қаза болғандығы туралы қаралы хабарды, оның туыстары күйеу жігіт тарапынан той күнін қашан белгілейтіндігін күтіп жүрген кезде естіген. Қызбен соңғы рет 4-ші қарашада тілдескен анасы былай деді:

«Мама үйге қонақтар келді, менің қолым бос емес. Сізге кейінірек хабарласамын,- деп телефон тұтқасын қоя салды. Қызымыз бізге күйеуі мен ата-енесі жақсы адамдар деп айтып жүрді. Біз оған сеніп жүрсек...

Бүгінде ол еркектің әйелі мен екі баласы бар екендігін біліп отырмыз. Ол біздің қызымызға ештеңе айтпаған. Данара осы шындықты білгеннен кейін, шыдай алмай, өз-өзіне қол жұмсаған. Ол асылып өлді. Олар менің 19 жастағы қызымның абыройын төкті. Алған жігіті әйелі мен бала-шағасы бар екендігін жасырған»,- деп қайғы шеккен Данараның анасы Інжу болған оқиғаның анық-қанығын жайып салды.

Данараның туысқандары Тереңсай аймағының Әйтеке би ауылында тұрады. Данараның анасы осыдан бұрын да бір қызынан айырылғандығын айтты.

«Мен бес баланың анасымын, екі ұл, үш қызым бар. 2007 жылы менің 12 жастағы қызым суға тұншығып, қайтыс болды. Дәл 10 жыл өткен уақытта екінші қызымды көміп отырмын»,- деді ол.

«Қызымның өліміне кінәлілерді заңның мейілінше қаталдығына сүйеніп, жазасын тартқызғым келеді. бірақ ол үшін маған жақсы қорғаушы керек»,- дейді Інжу көзіне жас алып.  

Данараның денесін ауылына алып келген, оның ағасы Алтай, полиция осы жағдай бойынша, қылмыстық іс қозғағандығы жөнінде айтты.

«Мен немере қызымның денесін Атырау облысынан алып келдім. Сол жерде полицияға арыз жазып кеттім. Олар қылмыстық кодекстің 1 бөлімі 105 бабы бойынша іс қозғады (Адам намысын қорлау мен қатыгез қарым-қатынас жасау арқылы адамы өз-өзіне қол жұмсауға дейін апару)».

Экспертиза да Атырауда жасалды. Дегенмен, оның нәтижесі бізге әлі де жарияланған жоқ, бір апта уақыт талап етіледі делінді.

Жігіттің туыстары да әлі тіс жарған жоқ. Біз әлі күнге дейін өлімнің нақты қандай жағдайда орын алғандығы белгісіз. Ол жай ғана өліп қалды. Оның өліміне кім жауап беретіндігі де белгісіз»– деді Алтай.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір