• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:32:10
Алматы
+35°

10 Желтоқсан, 2018 Аймақтар

Ата-бабамыз жүріп өткен жол

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын оқып шыққан қалың жұртшылық ұжым болып, халық болып талқылауға кірісті

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын оқып шыққан қалың жұртшылық ұжым болып, халық болып талқылауға кірісті. Бір сөзбен айтсақ, әркім көкірек көзі, көңіл таразысынан өткізіп, оймен еледі. Кемеңгерлікке таңдай қақты, кешегі тарихты мақтан ете отырып, болашаққа бағдар жасаған тұста, әр оқырманның санасындағы үміт тағы бір жарқ ете қалғаны сөзсіз.

«Жоқтан бар пайда болмайды, бар жоғалмайды» дегенді ескер­сек, жер көлемі жағынан тоғы­зыншы орынды алып отырған Қазақстанның ұлан-байтағы біреуден сыйға келмегені рас. Ол бір жағы, ақ найзаның ұшы, ақ білектің күші десек, енді бірі, еліне, жеріне деген патриоттық пен сүйіспеншіліктің, бауырмалдық пен елдіктің халықтық тәрбие­сінің жетістігі. Кешегі өткен дана­ларымыз бен батырлары­мыздың, хандар мен сұлтандары­мыздың ауызбіршілік пен кемел­дігінің арқасы деп түйген жөн шығар.

Тарих бәріне қызық, адамзат тарихынан орын алған ұлт мәңгі­лік екені сөзсіз. Сол тарихқа көз жүгіртіп, «Ұлы даланың жеті қырын» саралағанда қазақтың әр уақытта да, әр кезеңде де озық мәдениетімен алда тұрғанды­ғы­ның тағы бір куәсі болып отыр­мыз. Рас, қу таяқ, қос ішекпен «Нар идірген» немесе «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін түйген» шешендік, алмас қылыш сөз өнерін қазақтай бағалай да, бағам­дай да алған халық ілуде біреу шығар. Бір сөзбен айту қиын әрине, «түркі әлемінің бесігі» десек те, «ұлы жібек жолы» туралы айтсақ та, болмаса, асауды ауыз­дықтаған алғашқы «қазақ», міне мұның бәрі біздің ата-бабамыздың жүріп өткен жолы. Сол сара жол­дың тарихын зерделеу, тарихтану, оны заманауи үлгіде халыққа жеткізу алдағы күннің өзекті жұ­мы­сы екенін Елбасы «Архив–2025» бағдарламасы арқылы жүктеп отыр. «Зерттемесе ғалымға сын, тарихқа обал. Оқымаса, өз тари­хын білмесе оқырманға, қазаққа сын» деген осы.

Елбасының мақаласын мұға­лімдер қауымы да қызыға оқып шықты, таласа талқылады. Талдай отырып кешегіге көз жүгіртті. Шындықты көріп, әділдігін айтты. Елбасының халықшылдығын тағы бір тілге тиек ете отырып, әр мұғалім мақаланың мазмұнынан шығатын өзінің ертеңгі қадамда­рын пысықтай отырып, мақсат­тарын айқындады. Өйткені, сәулелі шырақты ары қарай алып жүретін қол керек емес пе? Ол – бала тәрбиесіндегі мұғалімнің ісі. «Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» демекші, мұғалімдер Елба­сының әр Жолдауын, әр мақа­ласын халық жадына сіңіру­де үлкен жауапкершілікпен қарай­ды. Себебі, мақсат біреу, елдің игілігіне жұмыс жасайтын адал да жасампаз, білімді, өз Отанын сүйіп, халқына қызмет атқаратын, еңбекқор саналы ұрпақты тәрбиелеу. Ал осындай өскелең жастың бойына Елбасы­ның бойындағы барлық қасиет­терді сіңірмеу мүмкін емес.

Болат Сатаев

Алматы ақшамы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір