• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:55:24
Алматы
+35°

03 Қазан, 2018 NEWS

Астанада жастарға кеңес беру орталықтары ашылды

Қала жастары бұл орталықтарға жұмыспен қамтамасыз ету мәселелері бойынша және әлеуметтендіру бойынша өздерін алаңдатқан сұрақтар бойынша хабарласа алады.

«Астана жастары» Жастар ресурстық орталығы жастарға консультациялық көмек орталықтарын ашты, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Қала жастары бұл орталықтарға жұмыспен қамтамасыз ету мәселелері бойынша және әлеуметтендіру бойынша өздерін алаңдатқан сұрақтар бойынша хабарласа алады. Мұнда сондай-ақ Тұрғын үй басқармасы,Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі және Халыққа қызмет көрсету орталығы өкілдері жұмыс істейді.

«Біздің басты мақсатымыз қала жастарына қазіргі күні мемлекет тарапынан жастарды қолдау мақсатында жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар туралы мәліметтер беру және жекелеген сұрақтар бойынша ақыл-кеңес беруде», делінген «Астана жастары» Жастар ресурстық орталығының хабарламасында.

Орталықтар келесі мекенжайларда орналасқан: Алаш тас жолы, 32. «Көк базар», Сейфуллин көшесі, 45/1-үй, СО «Аймақ Тау», Тілендиев к-сі,10/1, «Ақжол» СҮ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір