• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 18:46:37
Алматы
+35°

14 Ақпан, 2019 NEWS

Астанада "Хайвилл Қазақстан" кеңсесі өртенді (видео)

13 ақпанда сағат 21.11-де Астананың өртке қарсы қызметінің пультіне "Хайвилл Қазақстан" кеңсе ғимаратынан өрт шыққаны жайлы хабар түсті.

Астанада "Хайвилл Қазақстан" кеңсесі өртенді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтының дерегін негізге алып. Ғимаратта аталған құрылыс фирмасының сату кеңсесі орналасқан. 

"13 ақпанда сағат 21.11-де Астананың өртке қарсы қызметінің пультіне "Хайвилл Қазақстан" кеңсе ғимаратынан өрт шыққаны жайлы хабар түсті. Өртті сөндіруге жеке құрамның 65 адамы және 16 дана өрт сөндіру техникасы жұмылды. Алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ", - деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК өкілдері. Өрт 22.45-те оқшауланды.

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір